Сотталушының архивтегі фотосы

Генералдың ұлы балаларының көзінше жантүршігерлік қылмыс жасады

3956
Тәжікстанда кезінде қаржы милициясын басқарған генералдың ұлы сотталды

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Душанбе қалалық соты Тәжікстан Жоғарғы экономикалық сотының экс-хатшысы Бободжон Ширинзоданы бұрынғы әйелін жауыздықпен өлтіргені үшін 18 жылға соттады.

Ширинзода 6 маусымда бұрынғы әйелі Мохира Ятимованы балаларының көзінше 13 мәрте пышақтаған, деп хабарлайды

Марқұмның туыстары сот шешіміне келіспейді, олар жоғарғы сот инстанциясына шағымдануды көздеп отыр. Бободжон Ширинзода сотта әйелді есін білмей өлтіріп алғанын ескеруін өтінген. Бірақ сот сараптамасы бұны жоққа шығарған.

Бободжон Ширинзода – генерал Раджабали Шириновтың ұлы. Ширинов кезінде Тәжікстанның қаржы милициясын басқарған. Генерал бұл қызметтен 2015 жылы шығып қалды.

Бободжон Ширинзода мен Мохира Ятимова 2007 жылы үйленген. Олар екі жыл бұрын ажырасып кеткен.

 

3956
Кілт сөздер:
пышақтап өлтірді, қанды оқиға, қылмыс, генерал, Тәжікстан
Тақырып бойынша
Әскери қылмыс үшін айыпталған генерал сотта у ішіп, көз жұмды
Қытайда жемқорлық жасады деп айыпталған генерал-полковник өзіне қол салды
Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді
Екеуі дос болған: министр полковниктің өліміне қатысты түсініктеме берді
Архивтегі фото

Өзбекстанда тұратын қазақ көмек сұрады

2805
Жорықбаев қазақ мәдени орталығының құрылысын екі жыл бұрын бастаған. Ол үшін бизнесін сатып, банктен кредит алған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда қазақ мәдени орталығын салып жатқан азамат Қазақстандағы қандастарынан көмек сұрады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жақсылық Жорықбаев қазақ жастары арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеу үшін орталық ғимаратын өз есебінен тұрғызбақшы еді. Алайда қазір құрылыс тұралап қалған көрінеді.

Ташкенттен 40 шақырым жерде орналасқан Шыршық шаһарында 25 мыңдай қазақ түтін түтетіп отыр.  

"Бұл – біздің орталықтың екінші қабаты. Бұл жерде домбыра, би, жайдарман үйірмелерін өткізбекшіміз. Өзіміздің фольклорлық ансамбліміз болады", - дейді Шыршық қаласы қазақ мәдени орталығының төрағасы Жақсылық Жорықбаев.

Бұл жерді Жақсылық Жорықбаев жергілікті қазақ жастары жиі бас сұғатын орынға айналдырмақшы. Оның мақсаты – балаларды бауырмалдыққа һәм қазақылыққа тәрбиелеу. Қандас бауырымыз Өзбекстанда ұлтымыздың ұлыларын жиі ұлықтайды. Мысалы, биыл Абайдың 175 жылдығына арнап ауқымды ісшара өткізген.

"Ата дәстүрді үйретуіміз керек. Осы құрылысты сол үшін қолға алдық. Жастарды бір жерге жинап үйретпесек, түсінбейді. Әркім өз тіршілігін істеп жүр", - дейді орталық басшысы.

"Бір мәселеміз бар еді, оны да Мирзиеев шешіп берді": Өзбекстандағы қазақтардың өмірі

Жорықбаев қазақ мәдени орталығының құрылысын екі жыл бұрын бастаған. Ол үшін бизнесін сатып, банктен кредит алған. Ғимаратты былтыр өткен Өзбекстандағы Қазақстан жылы қарсаңында салып бітіруді көздеген еді. Қазір қаржы мәселесі қос бүйірден қысып отыр дейді ол.  

"Мен 120 мың доллардан артық қаржы жұмсадым. Енді 30 мың доллар болса, жұмыс бітеді. Қазақстан халқы жәрдем беріп жатса, Алла разы болады деп ойлаймын", - деп түйіндеді Жақсылық Жорықбаев.

2805
Тақырып бойынша
XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер
Өзбекстаннан келген оралман отбасында жантүршігерлік қылмыс жасалды
Қаны сирек кездеседі: қазақ жігіті қытайларға қалай көмектесіп жүр
Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
 Архивтегі фото

Өзбекстанда жаяу жүргендерге 50 проценттік жеңілдік беріледі

339
Өзбекстан үкіметі жеңілдіктер жүйесін енгізе отырып, күнделікті жаяу жүру мен жүгіруді насихаттауды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда жаяу жүретін адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 50 проценттік жеңілдік беру жоспарланып отыр. Президенттің қаулысы талқыланып жатыр, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

"Бұқаралық спортты дамыту және әрбір азаматтың өміріне салауатты өмір салтын енгізу шаралары туралы" қаулыға сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін Өзбекстанда "Жаңа тыныс" атты платформа іске қосылады. Негізгі мақсат – күнделікті жүгіру мен жаяу жүру салтын кеңінен насихаттау.

Оқи отырыңыз: Күн сайын 5 сағат жаяу жүретін даяшыға ерлі-зайыпты көлік сыйлады – видео 

"Бір күнде 10 мың қадамнан, айына – 300 мың, ал бір жылда 3,6 миллион қадамнан кем түспейтін жолды жаяу жүрген адамға барлық мемлекеттік қызметке 50 проценттік жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек, спорт нысандарына абонемент алуға да тура сондай жеңілдік жасалады", - делінген құжатта.

Жоспарға сәйкес, Өзбекстанның әділет министрлігі "Жаңа тыныс" платформасын мемлекеттік қызметтер жүйесімен интеграциялап, жеңілдік беру бастамасын іске асырады.

339
Кілт сөздер:
жеңілдіктер, жаяу
Тақырып бойынша
"Намыстанамын": Арман Шораев қазақ күресінің жағдайына қатысты ойын айтты
Бекболат Тілеухан орнын босатуды талап еткендерге жауап берді
"Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды
"Аты бар, заты жоқ". Бекболат Тілеухан садақ ата алмаған батырларды сынады
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті