Әлем

Бес метрлік шырша кішкентай баланың үстіне құлап кетті – қорқынышты видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоШырша, архивтегі фото
Шырша, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жантүршігерлік оқиғаға куә болған тұрғындар балаға көмектесуге жүгіріп барған

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Өзбекстанда бес метрлік жаңа жылдық шырша кішкентай баланы басып қалды.

Қыз терезеден қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда бүлдіршін 6-қабаттан құлап кетті: жаяу жүргінші құтқарып қалды

Желіде кез келген адамды селк еткізетін видео жарияланды. Ағаш жолдың ортасында баланың үстіне құлап түсті, деп жазды Sputnik Тәжікстан.

Видеода жаңа жылдық шыршаның жанында бірнеше бала жүгіріп ойнап жүргені көрінеді.

Бір кезде балалардың бірі шыршаның әшекейін алмақшы болады. Гирлянданы тартып қалғанда, алып шырша оның үстіне құлап кетеді. 

Жаңа жылдық шырша баланы толығымен жауып қалды. Жантүршігерлік оқиғаға куә болған Өзбекстан тұрғындары дереу балаға жүгіріп барып, оны шығарып алған. Абырой болғанда бала ауыр жарақат алмаған. 

Видео әлеуметтік желілерде жылдам таралып кетті.  


Жаңалықтар
0