Бала

Директор сабаққа кешіккен оқушыны ұрып, құлағының пердесін жарып жіберді

714
Прокуратура оқушының анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Өзбекстанда он бірінші сынып оқушысының анасы ұлын мектеп директоры кешіккені үшін соққыға жыққанын мәлімдеді. Бұл туралы оның прокуратураға жазған арызында айтылған. 

Оқиға Сурхандария облысының Жарқорған ауданында №4 мектепте болған, деп жазды gazeta.uz.  

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел соққыға жығу салдарынан ұлының құлағының пердесі жарылып кеткенін айтқан.

Жарқорған ауданының прокуратурасы оқушының анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бас прокуратура бұл істі өз бақылауына алғанын хабарлады. 


714
Кілт сөздер:
соққыға жықты, мектеп директоры, оқушы, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Балаларды ұрып-соқты: Ішкі істер министрлігі шұғыл түрде комиссия отырысын өткізбек
Орын бергісі келмеген: Қарағандыда 11 жастағы баланы қан-жоса етіп ұрып кетті
Полиция дәретханада құрдасын ұрып-соққан жасөспірімдерді тапты
Түркістанда оқушыларды ұрып-соққан жасөспірімнің анасы кешірім сұрады
Отыз жастағы ер адам 20 жыл бұрын ұрып-соққан ұстазынан өш алды – видео
Загрузка...