Президентские выборы в Киргизии

"Одан да атып тастаңдар" Атамбаев түрмеде де үнсіз отырмайтынын мәлімдеді

5405
(Жаңартылды 10:43 08.04.2019)
 Экс-мемлекет басшысы қанша қысым көрсе де, елден қашып кетпейтінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір— Sputnik. Кеше Бішкекте 2010 жылғы сәуір оқиғаларында қаза тапқандарды еске алуға арналған митинг өтті. Іс-шараны Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы ұйымдастырды. Негізгі спикерлердің бірі елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев болды.

Экс-мемлекет басшысы жарты сағаттық сөзінде қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті әділетсіздігі үшін сынады. Атамбаевтың пікірінше, оның серіктестері қуғынға ұшырап жатыр. Сондай-ақ саясаткер ІІМ мен Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығын заңды бұзбауға шақырды, деп хабарлады Kaktus.media.

"Құдай маған 30 жыл бұрын байлық берді. Мен қала орталығынан мешіт салуға жер таптым. Сол кезде қала төңірегіндегі зауыттардың барлығын сатып алдым, директорлармен келіссөз жүргіздім. Өмірдің барлық қиындығынан өттім. Қазір байлық та, билік те керегі жоқ. Маған Қырғызстанда таза, әділ билік болғаны керек. Жастардың қаны төгілмегені керек. 2005 жылғы наурыз революциясын Бакиев ұрлады, ал қазіргі билік сәуір революциясының жемісін тонап жатыр, мен соған алаңдаймын", - деді Атамбаев.

Оның айтуынша, қазіргі билік еш кінәсі жоқ адамдарды түрмеге тоғытып жатыр. 

"Мені де түрмеге отырғызуға әрекет жасауда. Одан да мені атып тастаңдар, құрбан болуға дайынмын, тек халқымның қаны төгілмесін. Алданып қалдым, өтірік айтпаймын. Конституцияда президент азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатыны жазылған. Алайда ол керісінше шектеп жатыр", - деп мәлімдеді экс-президент.

"Біздің елде ең маңызды нәрсе – тыныштық. Алайда билік осылай жасап, күш құрылымдарын халыққа айдап салатын болса, бәрі басқаша аяқталады. Халықтың ашуы қауіпті, оны тоқтатуға болмайды. Сондықтан да сіздерге тоқтаңыздар деймін... мұны Жээнбековке жеткізгім келеді – бәрін доғар", - деді Атамбаев.

"Мен бір нәрседен ғана қорқамын: егер біреудің қаны төгілетін болса, бәрі Жээнбековті Атамбаев әкелді деп айтады. Билік Атамбаев қашып кетеді деп үміттеніп отыр, алайда менің аузымды жабудың жалғыз жолы – өлтіру. Түрмеде де үнсіз отырмаймын. Құдайдың алдында, халықтың алдында адалмын, маған қашудың қажеті жоқ. Бұл менің отаным! Мен Ақаев пен Бакиевтің де заманын көрдім. Қантөгіс пен  революцияның керегі жоқ. Одан пайда көретін тонаушылар ғана. Халыққа бейбітшілік пен тыныштық керек", - деді Атамбаев митингте.

5405
Кілт сөздер:
түрме, Қырғызстан, Сооронбай Жээнбеков, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Қырғызстан Қазақстаннан 100 млн доллар көлемінде қарыз сұрауы мүмкін
Қырғыз сарапшысы: екі президенттің ісіне араласпайық, өздері шешеді
Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атанды
"Нағыз дос олай істемейді". Жээнбеков Атамбаевты сынға алды
Атамбаев жаңа президентке жұмыс кабинетін көрсетті – видео
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі фото

Ауруханаға түскен Алмазбек Атамбаевқа қатысты тың ақпарат шықты

563
(Жаңартылды 09:45 10.07.2020)
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті дәрігерлер кеңесе келе, экс-президентті камераға қайтаруға болады деген шешім қабылдағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа бір аптадан астам уақыт бұрын екі жақты пневмония диагнозы қойылып, ауруханаға жеткізілді, алайда ол қазір тергеу изоляторына қайтарылды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.  

"Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің кеңесі өтіп, оны ҰҚМК тергеу изоляторына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер оны бақылап отырады", - деп хабарлады Sputnik Қырғызстан тілшісіне мемлекеттік комитет.  

30 маусымда Атамбаевтан пневмония анықталды. Ол Президент іс басқармасы мен үкіметтің клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Атамбаев COVID-19 індетіне ПТР-тест тапсырды, вирус жұқтырмаған. Ауруханаға түсерден бір күн бұрын денсаулығы нашарлағанын айтқан.

Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды? 

Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін Қырғызстан президенті болды.

2020 жылы маусымда ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

563
Кілт сөздер:
түрме, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев сотталды
Атамбаевтың үйінен түрлі қару-жарақ тәркіленді
Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды
Моңғолия, архивтегі сурет

Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды

715
(Жаңартылды 16:41 29.06.2020)
Бәделхан Қабдісіләмұлы парламент сайлауына осымен үшінші рет қатысып отыр, ал Әубәкір Тілеуханұлы мен Бейсен Бұланұлы депутаттықта алғаш рет таласқан

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Баян-Өлгий аймағының үш қазағы Моңғолияның парламентінің депутаты атанды. Олар 24 маусымда елде өткен парламент сайлауында жеңіп шыққан. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне жаңадан сайланған депутат, Моңғолияның құрылыс және қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы растады. 

Моңғолияда парламент сайлауы әр төрт жыл сайын өтіп тұрады. Биыл саяси дода 24 маусым күні өтті. 

Бәделхан Қабдісіләмұлының айтуынша, бұл жолы сайлауға шамамен 500-ге жуық кандидат қатысқан. Ал елдің заң шығару органында барлығы 76 орын бар. 

"Соның 62 орнын Моңғол Халық партиясы жеңіп алды. Қалған он бірі Демократиялық партияға тиесілі, қалған үшеуі басқа партиялар мен өзін-өзі ұсынғандар", - деді депутат Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы сайлауға Баян-Өлгий аймағынан, Моңғол Халық партиясының атынан қатысқан. Жалпы аймақтан үш депутаттық мандатқа 15 үміткер таласты. Үш қазақ жеңіп шыққан. 

Бірінші орынды Бәделхан Қабдісіләмұлы, Моңғол Халық партиясы, екінші орынды Әубәкір Тілеуханұлы, ол да осы партиядан, ал үшінші орынды Бейсен Бұланұлы, Демократиялық партия иеленген. 

"Мен парламентке осымен үшінші рет сайланып отырмын. Бұған дейін сайлауға 2008 және 2016 жылдары түстім. Ал Әубәкір мен Бейсен алғаш рет сайланды. Әубәкірдің жасы 44-те, кәсіпкер, ал Бейсен, қателеспесем, 58 жаста, дәрігер", - деді қандасымыз. 

Моңғолиядағы қазақ депутат Бәделхан Қабдісіләмұлы
© Photo : Бәделхан Қабдісіләмұлының жеке архивінен алынды
Қабдісіләмұлы 2000-2005 жылдары Баян-Өлгий аймағын да басқарған. Төрт қыз, бір ұлдың әкесі

Бәделхан Қабдісіләмұлы 2017 жылдан бері Моңғолияның құрылыс және қала құрылымы министрі қызметін атқарады. Айтуынша, бұған дейін республикада депутат пен министр лауазымын қатар алып жүруге рұқсат етілген. Алайда жуырда Ата заңға өзгерістер енгізілген. Енді қандасымыз тек парламент депутаты ғана болады. 

Қабдісіләмұлы 2000-2005 жылдары Баян-Өлгий аймағын да басқарған. Төрт қыз, бір ұлдың әкесі. 

Қазақ депутат парламенттің бірінші сессиясының ашылуын басқарады 

Моңғолия парламентінің жаңа мүшелері сайлау комиссиянан ресми куәліктерін алған. Бүгін-ертең ел президенті сайлау қорытындысымен танысып, саяси доданың әділ өтіп-өтпегенін тексереді. Тек осыдан кейін ғана парламенттің бірінші сессиясы ашылады. 

"Заң бойынша сайланған депутаттардың ішінде ең жасы үлкені бірінші сессияның ашылуын басқарады. Бұл жауапты міндет маған жүктеліп отыр. Жиында парламенттің жаңа басшысын дауыс беру арқылы сайлаймыз. Бұдан бөлек, оның орынбасары, тұрақты комитеттердің басшылары таңдалады. Мен отырысты бастап беремін, парламент төрағасы сайланғаннан кейін, сессияларды өзі басқарады", - деп түсіндірді ол. 

Заң бойынша Моңғолия парламентіне жасы 25-тен асқан, соңғы бес жылда ел аумағында тұратын Моңғолия азаматтары қатыса алады. 

Қандасымыз коронавирус пандемиясы парламент сайлауын өткізуге кедергі келтірмегенін атап өтті. Республикада қаңтар айынан бастап төтенше жағдай жарияланған, бірақ вирус жұқтырғандар мүлде тіркелген жоқ, дейді Қабдісіләмұлы.

715
Кілт сөздер:
депутат, қазақ, Моңғолия
Тақырып бойынша
Өзбекстандағы шенді қазақ: құжатындағы "қазақты" өзгертпеген генерал Құдайбергенов кім?
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
Шетелдегі қазақ баласы: арманым Қазақстанға оралу
Министрліктің індетке қарсы әрекетін сынға алған депутат ұсыныс білдірді
"Халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды": депутат жалақы аз деп ашынды
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда қызмет көрсеткен клубта 70-ке жуық адам болған

0
(Жаңартылды 22:30 11.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

0
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады