Архивтегі фото

"Кешірші, інім" Видеоны өшірші деп жалынған инспектор жұмыстан қуылды   

19411
(Жаңартылды 16:32 05.05.2019)
Инспектор болған жағдайды видеоға түсіріп алған ер адамнан кешірім сұрайды. Оқиға Ыстықкөлде болған

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жол ережесін бұзып, жүргізушіден кешірім сұраған жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы қызметінен босатылды.

Бұған дейін жүргізушілердің бірі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының көлігін қуып жетіп, тоқтатқаны жайлы видео жарияланған болатын, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Ролик авторы рөлде телефонмен сөйлесіп, темекі тартып отырған милиционердің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін ескерткен. Ал инспектор "інісінен" бірнеше рет кешірім сұрап, видеожазбаны жарияламауды өтінген.

Қарағанды облысында көшеде үлкен дәретке отырған полицей жұмыстан қуылды

Видео авторы кешірім беріп, тәртіп сақшысының қолын қысады. Осы оқиғадан кейін жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасы тексеріс жүргізіп, оқиға Ыстықкөлде болғанын хабарлаған.   

19411
Кілт сөздер:
видео, инспектор
Тақырып бойынша
Далада үлкен дәретке отырған қарағандылық полицей жұмыстан қуылуы мүмкін
Жаңа жылмен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған полицей жұмыстан қуылды
Астанада мас полицей жол апатын жасады – видео
Түркістан облысында полицей қызғаныштан жігітті ұрып, бетіне түкірген
"Мы братва, банда" Атышулы видеоны таратқан полицей қайта жұмысқа тұра ала ма?
Астанада бес полицей төбелестен кейін жұмысынан қуылды – видео
Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева

Өзбекстан президентінің қызы ұлының атын Шавкат деп қойды

26672
(Жаңартылды 15:10 12.09.2020)
Саида Мирзиёева өзінің Telegram каналында сәбиімен түскен суретін жариялап, желі қолданушыларымен қуанышын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева ұл туып, атын Шавкат деп қойды.  

Өзбекстан президентінің қызы өзінің Telegram каналында өмір жалғасып жатқанын жазды.   

"Бәріміз бұрынғыдай қиын жағдайда отырсақ та, адамдар үйлену тойларын жасап жатыр, сәбилер дүниеге келуде. Біздің отбасымыз да толықты – енді кішкентай Шавкатымыз бар. Біздің таныстығымызға көп бола қоймады, бірақ бір-бірімізді бір көргеннен қатты жақсы көріп қалдық, тәулігіне 24 сағат біргеміз. Қандай сезім болатынын аналар жақсы біледі", - деп жазды Мирзиёева.

Айта кетейік, Саида Мирзиёева Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан. Олардың отбасында бұған дейін екі бала дүниеге келді: ұлының есімі – Миромон, қызы – Саодатхон.

Саида Мирзиёева 2019 жылы президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалған еді. Жыл басында бұл қызметтен кететінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Шавкат Мирзиёевтің қызы қызметінен кетті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үш баласы бар. Ұлы мектепте оқиды. Кіші қызы Өзбекстанның мектепке дейінгі білім министрлігінде басқарма басшысы болып жұмыс істейді.

 

26672
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Шавкат Мирзиёев
Тақырып бойынша
Мирзиёевтің кенже қызы басшылық қызметке тағайындалды
Суырлар

Суыр етін жеген: Моңғолияда обадан тағы бір адам көз жұмды

208
Жыл басынан бері Моңғолияда бубон обасын жұқтыруы мүмкін деген диагнозбен 18 адам тіркелді, оның төртеуінде ауру зертханалық түрде расталған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері Моңғолияда бубон обасынан қайтыс болған үшінші адам тіркелді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі Завхан провинциясының табиғаттағы ауру ошақтары департаментіне сілтеме жасап.

Оба жұқтырған 38 жастағы ер адам дүйсенбі күні Завхандағы Тосонцэнгэл ауданында көз жұмған. Агенттіктің мәліметінше, марқұм өткен айда суыр етін жеген.

Бұған дейін Ұлттық инфекциялық аурулар орталығы Моңғолиядағы 21 провинцияның 17-сінде бубон обасының тарау қаупі бар екенін хабарлаған еді.

Жалпы жыл басынан бері Моңғолияда бубон обасын жұқтыруы мүмкін деген диагнозбен 18 адам анықталды. Оның төртеуі зертханалық зерттеулер нәтижесінде расталған. Тамызда Ховд аймағында бубон обасынан 42 жастағы ер адам, ал шілдеде Говь-Алтай провинциясында 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

Моңғолияда суырларды аулауға тыйым салынған. Бірақ, тұрғындар суыр етін денсаулыққа пайдалы деп санап, оны аулауды тоқтатар емес.

Оба – тез жұғатын және өлімге әкеп соғатын аса қауіпті инфекциялық ауру. Табиғатта оба таяқшасы, негізінен, кеміргіштерде кездеседі: суырлар, тиіндер, сарышұнақтар, егеуқұйрықтар. Ал инфекцияны бүргелер тасиды.

208
Кілт сөздер:
Моңғолия
Өрт сөндіру көлігі, архивтегі фото

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

0
(Жаңартылды 15:18 19.09.2020)
Оқиғаға куә болған басқа жүргізуші өрт сөндіру көлігі өзін басып озбақ болғанын, алайда сол қанатқа соғылып, содан кейін бірнеше рет аударылып түскенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қайғылы оқиға кеше сағат 19.00 шамасында Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда болды, деп хабарлады "Мой город" сайты.

Апат куәгері, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Жандарбек Ақбасов отбасымен бірге қалаға қарай бара жатқанда өрт сөндіру көлігі басып озбақ болғанын айтты.

"Екі баламмен қалаға қарай бара жатыр едім. Өрт сөндіру көлігі бізді басып озбақ болып, сол қанатқа соғылды. Біз аударылып қала жаздадық, алайда көлікті дер кезінде туралай алдым, ал өрт сөндірушінің көлігі жолдан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылды. Қарсы жолда көлік келе жатты-ау деймін, бірақ ол оны күтпесе керек", – деді Жандарбек Ақбасов.

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты – оқиға орнында түсірілген видео

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 46 жастағы азаматтық қорғаныс старшинасы апат салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Деркөл ауылына бара жатқан. Ол салонда жалғыз болған.

0
Кілт сөздер:
жол апаты, өрт сөндіру көлігі
Тақырып бойынша
Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды
Алматыда үш бала мен олардың анасы жол апатына ұшырады
Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті
Елордалық полицейлер жол апатының көбею себебін айтты
Блок бекетте 2 адамды өлтірді деген күдікке ілінген экс-полицей: Есімде ештеңе жоқ