Күн, архивтегі фото

Синоптиктер тарихта болмаған ыстық келуі мүмкін екенін ескертті

10478
(Жаңартылды 10:50 17.07.2019)
Өзбекстанда биылғы жылдың шілдесі ел тарихындағы ең ыстық ай болуы мүмкін    

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, Өзбекстанда алдағы бірнеше аптада ми қайнатар ыстықтың беті қайтпайды, деп хабарлады Узгидромет.

Шілде метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай ретінде рекорд орнатуы мүмкін, деп жазды Sputnik Өзбекстан.  

Алғашқы онкүндікте ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 5 градусқа, ал екінші онкүндікте 5-7 градусқа жоғары болып тұр.

Рекордтар арасында: Самарқан – 39,9 градус, Нүкіс – 42,8 градус, Сырдария – 42,1 градус, Навои 42,6 градус ыстық.

Тағы оқыңыз: Аптап ыстықта не жеу керек – маманның кеңесі

Алдағы апталарда түнде шамамен 29 градусқа дейін, ал күндіз 40-45 градусқа дейін ыстық болады.

Аптап ыстық республикадағы пойыздар қозғалысына әсер етіп жатыр: шілде айының басында Самарқан-Бұхара және Бұхара-Хиуа бағыттарында жылдамдық шектелді.

Айта кетейік, Қазгидромет Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкентте дабылды ескерту жариялаған болатын.

Болжамға сәйкес, 17-19 шілдеде Түркістан облысының басым аумағында күн 43 градусқа, кей жерлерде 45 градусқа дейін ысиды. Ал Шымкентте +40-42 градус аптап ыстық болады.

17-19 шілдеде Қызылорда облысында да 40-45 градус ыстық болады деп болжанып отыр.

10478
Кілт сөздер:
Өзбекстан, аптап ыстық
Тақырып бойынша
Қазақстанға қандай табиғи апаттар қауіп төндіретіні айтылды
Ғалымдар 2019 жылы адамзатты не күтіп тұрғанын болжады
Загрузка...