Алмазбек Атамбаев

"Заң шеңберінен шығып кетті": Атамбаев үшінші рет тергеуге шақырылды

902
Алғаш рет экс-президент 8 шілде күні тергеуге шақырылған болатын

НҰРСҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты үшінші рет ішкі істер министрлігіне тергеуге шақырды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Бүгін, 18 шілдеде милиция қызметкерлері Атамбаевқа ішкі істер министрлігіне тергеуге шақыру қағазын үшінші рет берді. Ол 19 шілде күні сағат 10:00-де құзырлы органға келуі керек.

Айта кетейік, Атамбаевқа бірінші рет куәгер ретінде тергеуге шақырту қағазы 8 шілде күні берілген. Алайда бұрынғы мемлекет басшысы журналистерге тергеуге бармайтынын мәлімдеген. Оның пікірінше, "билік заң шеңберінен шығып кеткен".

Тағы оқыңыз: Атамбаев қарулы қарсылық көрсететінін мәлімдеді

Сондай-ақ экс-президент ішкі істер министрлігіне шақырту қағазын алмағанын, барлық құжатты құқығын қорғайтын өкілі Сергей Слесаревқа бергенін мәлімдеген. Слесарев құқық қорғау қызметкерлері "Атамбаевты тергеуге шақыруға құқы жоқ" дейді. Себебі, бұрынғы мемлекет басшысының құқығын қорғайтын заң күшін жоймаған. Оның айтуынша, ол ІІМ-ге түсіндірме хат жіберген.

Екінші рет тергеуге шақыру қағазы 10 шілде күні жіберілген. Бірақ ол ІІМ-ге бармаған.

Атамбаев неге тергеліп жатыр?

13 шілде күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрып, оның қорытындысы бойынша Алмазбек Атамбаевтың 6 қылмыстық іске қатысы бары анықталған. 20 маусымда Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, бас прокуратураға жіберген. Ал 25 маусымда прокуратура алты фактінің бесеуіне қатысты қылмыстық іс қозғауға болатынын хабарлаған.

27 маусым күні Жогорку Кенеш Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырған. Бұл шешімді 103 депутат қолдап, 6 депутат оған қарсы дауыс берген. Осылайша, бұрынғы мемлекет басшысы ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айырылды.

Бүгінде Алмазбек Атамбаевқа Қой-Тас ауылында жер телімін заңсыз алды, қылмыстық әлемнің серкесі А.Батукаевты заңсыз босатты, Субихи Пархатидің "Форум" ғимаратын алаяқтық жолмен сатты, Бішкек қаласындағы ЖЭС-ті реконструкциялау мен оған көмір сатып алу жұмыстары кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген айыптар тағылып отыр.

902
Кілт сөздер:
тергеу, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Атамбаев арнайы операция кезінде ұсталды ма – ресми түсініктеме
Қырғызстан Қазақстаннан 100 млн доллар көлемінде қарыз сұрауы мүмкін
"Нағыз дос олай істемейді". Жээнбеков Атамбаевты сынға алды
Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президентіне ескерту жасады
"Одан да атып тастаңдар" Атамбаев түрмеде де үнсіз отырмайтынын мәлімдеді
Загрузка...