Архивтегі сурет

"Бұл ақша әпкеңдікі ме еді?": Президент қателескен облыс әкімін қатаң сынады

6199
(Жаңартылды 14:44 05.08.2019)
Шавкат Мирзиёев Хорезм әкімі Фарход Ермановты "президент саясатының жауы" деп атады    

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Өзбекстанда жылжымайтын мүлікті сүру соңғы кездегі ең өзекті мәселелердің біріне айналған. Президент Шавкат Мирзиёев тұрғын үйді сүргені үшін Хорезм облысының әкімі Фарход Ермановты қатаң сынға алды.  

"Менің саясатымның ең басты жауы – Хорезм облысының әкімі Ерманов. Ургенч қаласының әкімін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек дегенімде, сен оны қорғап, премьер-министрден оны орнында қалдыруды сұрадың. Міне сен менің қандай "досым" болып шықтың. Егер досым болсаң, қолыңнан келмейтіні бар, бұл орынды неліктен сүріп жатырсың? Міне, интернет қолданушылардың жылжымайтын мүлікті сүруге қатысты пікірін оқы. Сапардан кейін адамдар не деп жатқанын көр. Бұл жерде сенің суретің жоқ, премьер-министрдің суреті тұр, президенттің саясатын қарғап-сілеп жатыр. Соңғы екі жылда маған істегендерің міне осы", — деп ашуланды Шавкат Мирзиёев.

Сондай-ақ ол облыс әкімдігіне сүруге өтемақы мемлекеттік бюджеттен бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.  

"Сүрерден бұрын басыңмен ойла: бұл орынды сүру керек пе, жоқ па... Біз осы арсыздарға қаншама ақша бердік, менен 30−50 миллиард сум алды. Сонда бұл ақша саған не үшін керек болды? Бұл әпкеңнің ақшасы ма еді? Бұл Қаржы министрлігінің ақшасы. Әлде Өзбекстан үшін маңызды бір нәрсе жасадың ба? Ал біреуді жұмыстан шығару, қылмыстық қудалау туралы сөз болғанда, бірден қорғаушы бола қаласың. Мынаны оқып тұрып кабинетімде қалай тыныш отыра аламын ?!", - дейді президент.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Өзбекстан президенті жайлы не ойлайтынын ашық айтты

Шілде айының соңында премьер-министр Абдулла Арипов Ашхабад ауданындағы үйлерді сүру проблемасын шешу үшін Ургенчке келді. Ол өңір басшылығымен, министрліктер мен ведомство басшыларымен кеңес өткізді. Онда Қашқадария облысының әкімі Зафар Рузиев пен Хорезм облысының әкімі Фарход Ерманов өз жұмысында өрескел қателіктер жібергені анықталды. Сондай-ақ премьер халыққа уәде етілген өтемақы төленеді деп мәлімдеді.  

26 шілдеде сүрілген үйіне өтемақы алмаған 200-ге тарта адам Ургенч-Хонка тасжолын жауып тастаған.

6199
Кілт сөздер:
әкімдер, Шавкат Мирзиёев
Тақырып бойынша
"Менің ағам" Өзбекстан президенті Назарбаевқа алғысын айтты
Тоқаев Мирзиёевке: Біз Өзбекстанның дамуын зор қызығушылықпен бақылап отырамыз
Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барды
Тоқаев пен Мирзиёев бірлескен мәлімдеме жасады
Назарбаев мақтаған "Мәке" басшылық қызметке тағайындалды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі фото

Ауруханаға түскен Алмазбек Атамбаевқа қатысты тың ақпарат шықты

1033
(Жаңартылды 09:45 10.07.2020)
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті дәрігерлер кеңесе келе, экс-президентті камераға қайтаруға болады деген шешім қабылдағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа бір аптадан астам уақыт бұрын екі жақты пневмония диагнозы қойылып, ауруханаға жеткізілді, алайда ол қазір тергеу изоляторына қайтарылды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.  

"Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің кеңесі өтіп, оны ҰҚМК тергеу изоляторына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер оны бақылап отырады", - деп хабарлады Sputnik Қырғызстан тілшісіне мемлекеттік комитет.  

30 маусымда Атамбаевтан пневмония анықталды. Ол Президент іс басқармасы мен үкіметтің клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Атамбаев COVID-19 індетіне ПТР-тест тапсырды, вирус жұқтырмаған. Ауруханаға түсерден бір күн бұрын денсаулығы нашарлағанын айтқан.

Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды? 

Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін Қырғызстан президенті болды.

2020 жылы маусымда ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

1033
Кілт сөздер:
түрме, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев сотталды
Атамбаевтың үйінен түрлі қару-жарақ тәркіленді
Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды
Моңғолия, архивтегі сурет

Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды

797
(Жаңартылды 16:41 29.06.2020)
Бәделхан Қабдісіләмұлы парламент сайлауына осымен үшінші рет қатысып отыр, ал Әубәкір Тілеуханұлы мен Бейсен Бұланұлы депутаттықта алғаш рет таласқан

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Баян-Өлгий аймағының үш қазағы Моңғолияның парламентінің депутаты атанды. Олар 24 маусымда елде өткен парламент сайлауында жеңіп шыққан. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне жаңадан сайланған депутат, Моңғолияның құрылыс және қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы растады. 

Моңғолияда парламент сайлауы әр төрт жыл сайын өтіп тұрады. Биыл саяси дода 24 маусым күні өтті. 

Бәделхан Қабдісіләмұлының айтуынша, бұл жолы сайлауға шамамен 500-ге жуық кандидат қатысқан. Ал елдің заң шығару органында барлығы 76 орын бар. 

"Соның 62 орнын Моңғол Халық партиясы жеңіп алды. Қалған он бірі Демократиялық партияға тиесілі, қалған үшеуі басқа партиялар мен өзін-өзі ұсынғандар", - деді депутат Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы сайлауға Баян-Өлгий аймағынан, Моңғол Халық партиясының атынан қатысқан. Жалпы аймақтан үш депутаттық мандатқа 15 үміткер таласты. Үш қазақ жеңіп шыққан. 

Бірінші орынды Бәделхан Қабдісіләмұлы, Моңғол Халық партиясы, екінші орынды Әубәкір Тілеуханұлы, ол да осы партиядан, ал үшінші орынды Бейсен Бұланұлы, Демократиялық партия иеленген. 

"Мен парламентке осымен үшінші рет сайланып отырмын. Бұған дейін сайлауға 2008 және 2016 жылдары түстім. Ал Әубәкір мен Бейсен алғаш рет сайланды. Әубәкірдің жасы 44-те, кәсіпкер, ал Бейсен, қателеспесем, 58 жаста, дәрігер", - деді қандасымыз. 

Моңғолиядағы қазақ депутат Бәделхан Қабдісіләмұлы
© Photo : Бәделхан Қабдісіләмұлының жеке архивінен алынды
Қабдісіләмұлы 2000-2005 жылдары Баян-Өлгий аймағын да басқарған. Төрт қыз, бір ұлдың әкесі

Бәделхан Қабдісіләмұлы 2017 жылдан бері Моңғолияның құрылыс және қала құрылымы министрі қызметін атқарады. Айтуынша, бұған дейін республикада депутат пен министр лауазымын қатар алып жүруге рұқсат етілген. Алайда жуырда Ата заңға өзгерістер енгізілген. Енді қандасымыз тек парламент депутаты ғана болады. 

Қабдісіләмұлы 2000-2005 жылдары Баян-Өлгий аймағын да басқарған. Төрт қыз, бір ұлдың әкесі. 

Қазақ депутат парламенттің бірінші сессиясының ашылуын басқарады 

Моңғолия парламентінің жаңа мүшелері сайлау комиссиянан ресми куәліктерін алған. Бүгін-ертең ел президенті сайлау қорытындысымен танысып, саяси доданың әділ өтіп-өтпегенін тексереді. Тек осыдан кейін ғана парламенттің бірінші сессиясы ашылады. 

"Заң бойынша сайланған депутаттардың ішінде ең жасы үлкені бірінші сессияның ашылуын басқарады. Бұл жауапты міндет маған жүктеліп отыр. Жиында парламенттің жаңа басшысын дауыс беру арқылы сайлаймыз. Бұдан бөлек, оның орынбасары, тұрақты комитеттердің басшылары таңдалады. Мен отырысты бастап беремін, парламент төрағасы сайланғаннан кейін, сессияларды өзі басқарады", - деп түсіндірді ол. 

Заң бойынша Моңғолия парламентіне жасы 25-тен асқан, соңғы бес жылда ел аумағында тұратын Моңғолия азаматтары қатыса алады. 

Қандасымыз коронавирус пандемиясы парламент сайлауын өткізуге кедергі келтірмегенін атап өтті. Республикада қаңтар айынан бастап төтенше жағдай жарияланған, бірақ вирус жұқтырғандар мүлде тіркелген жоқ, дейді Қабдісіләмұлы.

797
Кілт сөздер:
депутат, қазақ, Моңғолия
Тақырып бойынша
Өзбекстандағы шенді қазақ: құжатындағы "қазақты" өзгертпеген генерал Құдайбергенов кім?
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
Шетелдегі қазақ баласы: арманым Қазақстанға оралу
Министрліктің індетке қарсы әрекетін сынға алған депутат ұсыныс білдірді
"Халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды": депутат жалақы аз деп ашынды
Әлеуметтік желі

Облыстың бас полицейінің ұлы түсірген видео желіде жарияланып кетті

0
(Жаңартылды 17:17 13.08.2020)
Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция бастығы Әбләзімовтің тарапынан қамқоршылық жасау әрекеті болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Мақсұтхан Әбләзімовтің кәмелет жасқа толмаған ұлы көлікті кәуліксіз айдаған. Сол үшін жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан аймақтық полицияға сілтеме жасап.

Бас полицейдің ұлы көлікпен жүргенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына салған. Полицейлер мониторинг жасағанда бірнеше видеоның Орал мен Ақтауда түсірілгенін анықтады. 

Көлікті басқарған жасөспірім анасымен бірге тұрады. Ол - Мақсұтхан Әбләзімовтің бұрынғы жұбайы. Екеуі 10 жыл бұрын ажырасқан. Баласы анасымен бірге қалған.  

"Жасөспірімнің анасы – 1967 жылы туған А.Г. Ақтау қаласында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабының 2-тармағы ("кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы") бойынша жауапқа тартылды. Ал Орал қаласында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту")  бойынша жаза қарастырылған (50 АЕК, яғни 138 900 теңге көлемінде айыппұл - Sputnik)", - деді полицейлер. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция бастығы Әбләзімовтің тарапынан қамқоршылық жасау әрекеті болған жоқ. 

Ақтаудағы жаназа 

Тамыздың басында Ақтау қаласында карантиндік шараларға қарамастан, жаназаға жүздеген адам жиналған болатын. Көшеден жүрген адамдар оны видеоға түсіріп алды. 

ІІМ генерал-майоры, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова қайтыс болды.

Желі қолданушылары облыстық полиция басшысы мен санитарлық дәрігерді қызметінен босату қажет деп шықты. Шараға қатысқан барлық шенеунікке қатысты қызметтік тергеуді жүргізу керектігін айтты. 

Артынан полиция басшысының туыстары халықтан кешірім сұрады. Алайда қоштасу рәсімін ұйымдастырғандар карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 30 айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды. 

 

0