Алмазбек Атамбаев

Өз халқыңа оқ атпа: Атамбаев мәлімдеме жасады

2063
(Жаңартылды 10:47 08.08.2019)
Атамбаев өткен түні ондаған адамның жарақат алғанына өкініш білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев "Апрель" телеарнасы арқылы үндеу жасады.

"Күш құрылымдарына үндеу жасаймын: өз халқыңа оқ атпа, мұның бәрі сендерге жақсылық әкелмейді", - деді Қырғызстанның экс-басшысы.

Атамбаевтың айтуынша, арнайы жасақ әскери қару да қолданған. Дегенмен Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті күш құрылымдары резеңке оқ қолданды деп мәлімдеді.

"Бүгін мені күшпен ұстауға әрекет жасалды, өкінішке қарай, бейкүнә бейбіт адамдар зардап шекті. Тұтқындауға "Альфа" арнайы жасағының антитеррорлық отряды жіберілді. Біз террорист емеспіз. Мен де, менің үйімнің айналасындағы адамдар да террорист емес ", - деді ол.

Атамбаев өз үндеуінде көптеген жазықсыз адамның зардап шеккеніне өкініш білдірді.

"Өкінішке қарай, зардап шеккендер көп, ауыр жарақат алғандар бар. Билік менің заңға қарсы келмеу туралы үндеуімді ескермеді", - деп атап өтті ол.

 Тағы оқыңыз: Жээнбеков Атамбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді

 Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, әртүрлі жарақат алған 43 адам ауруханаларға жатқызылды. Бір арнайы жасақ сарбазы операция кезінде кеуде тұсына тиген оқтан қаза болды.  

Ішкі істер министрлігінің Шу облысындағы басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов ауыр жарақат алды, ол комаға түсті.  

Атамбаевты ұстау операциясы

Алмазбек Атамбаевтың Бішкектен 20 километр жерде орналасқан Қой-Тас ауылындағы үйіне шабуыл жасалғаны туралы кеше кешке белгілі болды. Күш құрылымдары Атамбаевтың үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдегендей, резеңке оқпен ата бастаған.

Атамбаевтың жақтастары күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде үйге кірді. Кейінірек белгілі болғандай, олар арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алды.  

 Арнайы жасақ Қырғызстанның бұрынғы басшысын ұстай алмады.

 13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.

Кейін бас прокурор алты фактінің бесеуі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз бар екенін айтты. 27 маусым күні Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.

2063
Кілт сөздер:
үндеу, Қырғызстан, Алмазбек Атамбаев
Тақырып:
Атамбаевты ұстау операциясы (17)
Тақырып бойынша
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевты ұстау операциясы басталды
Ресей президенті Қырғызстандағы саяси ахуал туралы пікір білдірді
"Заң шеңберінен шығып кетті": Атамбаев үшінші рет тергеуге шақырылды
"Ашық ескертіп жатырмын": Атамбаев қарулы қарсылық көрсететінін мәлімдеді
"Одан да атып тастаңдар" Атамбаев түрмеде де үнсіз отырмайтынын мәлімдеді
Атамбаевтың үйіне шабуыл жасалды: Бішкекте не болып жатыр – видео
Загрузка...