Президент Кыргызстана Сооронбай Жээнбеков

Қырғызстан президенті Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп жатыр

263
(Жаңартылды 10:59 08.08.2019)
Қауіпсіздік кеңесінің отырысына БАҚ өкілдері шақырылмады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп жатыр.

Отырыста 7 тамызда болған оқиғаға байланысты қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралып жатыр, деп хабарланған Қырғызстан президентінің ресми сайтында.

Жиынға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылмады.

Бұған дейін Жээнбековтың Ыстықкөлде демалыста екені хабарланған еді. Бірақ Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың резиденциясында болған жағдайдан кейін оның Бішкекке қайтып келгені белгілі болды.

Атамбаевты ұстау операциясы

7 тамызда Бішкектен 20 шақырым жердегі Қой-Таш ауылында Атамбаевты ұстау операциясы жүргізілді. Арнайы жасақ Атамбаевтың үйінің аумағына басып кіреді. Атамбаевтың жақтастары үйдің ішінен оларға қарсылық көрсетіп, кейін белгілі болғандай, арнайы жасақ өкілдерін кепілге алған.

Қырғызстанның бұрынғы президентін ұстау операциясы сәтсіз аяқталды.

263
Тақырып:
Атамбаевты ұстау операциясы (17)
Тақырып бойынша
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевты ұстау операциясы басталды
Атамбаевтың үйіне шабуыл жасалды: Бішкекте не болып жатыр – видео
Өз халқыңа оқ атпа: Атамбаев мәлімдеме жасады
Уктам Барноев

Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды

9600
Шенеуніктің коронавирус жұқтырғаны туралы шілде айында белгілі болды. Ол 2020 жылдың ақпан айында вице-премьер қызметіне кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. 57 жасқа қараған шағында Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев көз жұмды. Ол үкіметте аграрлық және азық-түлік саласына жауап берді.

Ақпаратты Бұхара облысының жергілікті әкімшілігінде растады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Айта кетсек, Барноев ұзақ уақыт бойы коронавирустан ем қабылдады. Шенеунікке шілде айында СOVID-19 диагнозы қойылды. Ол Akfa Medline жеке емханасында емделді. 

Расталмаған мәліметке сәйкес, Барноев соңғы уақытта Германияда дәрігерлерге қаралды.

Барноев 2020 жылы ақпан айында премьер-министр орынбасары қызметіне орналасты. Бұған дейін ол Бұхара облысының хокимі болған.

9600
Кілт сөздер:
коронавирус, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Өзбекстан президентінің қызы ұлының атын Шавкат деп қойды
Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады
Өзбекстанда ауыр қылмыс жасаған әйел Қазақстан азаматтығын алған
Өзбекстанда ер адам әйелі әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, от қойған
Өзбекстан азаматы 1 368 жылға сотталды
Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева

Өзбекстан президентінің қызы ұлының атын Шавкат деп қойды

28381
(Жаңартылды 15:10 12.09.2020)
Саида Мирзиёева өзінің Telegram каналында сәбиімен түскен суретін жариялап, желі қолданушыларымен қуанышын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева ұл туып, атын Шавкат деп қойды.  

Өзбекстан президентінің қызы өзінің Telegram каналында өмір жалғасып жатқанын жазды.   

"Бәріміз бұрынғыдай қиын жағдайда отырсақ та, адамдар үйлену тойларын жасап жатыр, сәбилер дүниеге келуде. Біздің отбасымыз да толықты – енді кішкентай Шавкатымыз бар. Біздің таныстығымызға көп бола қоймады, бірақ бір-бірімізді бір көргеннен қатты жақсы көріп қалдық, тәулігіне 24 сағат біргеміз. Қандай сезім болатынын аналар жақсы біледі", - деп жазды Мирзиёева.

Айта кетейік, Саида Мирзиёева Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан. Олардың отбасында бұған дейін екі бала дүниеге келді: ұлының есімі – Миромон, қызы – Саодатхон.

Саида Мирзиёева 2019 жылы президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалған еді. Жыл басында бұл қызметтен кететінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Шавкат Мирзиёевтің қызы қызметінен кетті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үш баласы бар. Ұлы мектепте оқиды. Кіші қызы Өзбекстанның мектепке дейінгі білім министрлігінде басқарма басшысы болып жұмыс істейді.

 

28381
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Шавкат Мирзиёев
Тақырып бойынша
Мирзиёевтің кенже қызы басшылық қызметке тағайындалды
Архивтегі фото

Ресейлік онлайн мектептер сертификатталуы мүмкін

0
Жұмысты Россотрудничество ағарту министрлігімен бірлесіп қолға алды, ол бірінші кезекте шетелде тұратын ресейліктерге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Россотрудничество ресейлік онлайн мектептерді сертификаттап, шетелде тұратын ресейліктер үшін емтихан тапсыруды жеңілдетуді ұсынып отыр. Бұл туралы Россотрудничество басшысы Евгений Примаков айтты.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді 

"Біз шетелде мектеп ашу әрдайым мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан "отбасылық", " үй" форматындағы онлайн оқытуды қолдаудың болашағы зор, өте қызықты және бізде де, шетелде де сұраныс артып келеді", - деді Примаков.

Ол шетелдегі көптеген ресейлік үшін бұл Ресей стандарттары бойынша білім алудың санаулы тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

"Сертификаттау, емтихан тапсыру мәселесі әлі де бар, бірақ мұны да талқылауға болады, бұл жұмысты ағарту министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, оны сертификаттау үшін не істеу керек екендігі қарастырылуда. Қазір бірнеше ұсыныс бар", - деп түсіндірді Примаков.

Ол сондай-ақ Россотрудничество кез келген білім беру идеясын, алаңдарын, формаландырудың, институттандырудың кез келген дәрежесін қолдайтынын атап өтті.

"Бұл бізге келетін жеке бастамалар, мемлекеттік бастамалар болуы мүмкін, үкіметаралық келісімдер негізінде мектеп құрылған кезде оңайға соқпайды", - деп түсіндірді Россотрудничество басшысы.

Примаков көптеген отандасын Ресейдің білім беру жүйесі - мәдениет, өнер, гуманитарлық білім саласы да, нақты ғылымдар саласы да қызықтыратынын айтты.

"Біз бұл бастамалардың барлығын құптаймыз және қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп аяқтады ол.

0
Тақырып бойынша
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес берді