Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы өткізілген Қой-Тас ауылындағы полиция қызметкерлері

Жээнбеков Атамбаевтың үйіне жасалған шабуылға қатысты түсініктеме берді

2229
(Жаңартылды 12:46 08.08.2019)
Жээнбеков Атамбаевтың әрекетін елдің заңдарын өрескел бұзу деп бағалады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

"Мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев заң аясында тергеу шараларын жүргізуге қарулы қарсылық көрсетіп, Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарын өрескел бұзғанын атап өтті", - деп жазылған Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жээнбеков Қырғызстан құқықтық мемлекет екенін еске салды. Мемлекеттің міндеті – барлық азаматтың заң талаптарын қатаң сақтауын қамтамасыз ету.  

"Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне үндеу тастай отырып, заңды, елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша барлық шараны орындау қажеттігін мәлімдеді, осыған байланысты шұғыл шаралар қабылдау қажет", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

 ҰҚМК төрағасы Оразбек Опумбаев, ішкі істер министрі Қашқар  Жүнісәлиев, бас прокуроры Өткірбек Жәмшитов қалыптасқан жағдайға қатысты ақпарат берді. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

Қырғызстанда не болып жатыр?

Алмазбек Атамбаевтың Бішкектен 20 километр жерде орналасқан Қой-Тас ауылындағы үйіне шабуыл жасалғаны туралы кеше кешке белгілі болды. Күш құрылымдары Атамбаевтың үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдегендей, резеңке оқпен ата бастаған.

Атамбаевтың жақтастары күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде үйге кірді. Кейінірек белгілі болғандай, олар арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алды.

Қырғызстанның бұрынғы басшысын ұстау операциясы сәтсіз аяқталды.

Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, 48 адам зардап шеккен. Бір арнайы жасақ сарбазы операция кезінде кеуде тұсына тиген оқтан қаза болды.  

Тағы оқыңыз: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім - Атамбаев

Сооронбай Жээнбеков демалыстан Бішкекке оралып, Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп жатыр.

Атамбаевтың мәлімдемесі

Атамбаевтың айтуынша, арнайы жасақ әскери қару да қолданған. Дегенмен Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті күш құрылымдары резеңке оқ қолданды деп мәлімдеді.

"Күш құрылымдарына үндеу жасаймын: өз халқыңа оқ атпа, мұның бәрі сендерге жақсылық әкелмейді", - деді Қырғызстанның экс-басшысы.

Атамбаев өз үндеуінде көптеген жазықсыз адамның зардап шеккеніне өкініш білдірді.

 

2229
Кілт сөздер:
Сооронбай Жээнбеков, Алмазбек Атамбаев
Тақырып:
Атамбаевты ұстау операциясы (17)
Тақырып бойынша
"Тимеңдер!" Атамбаевтың үйінде түсірілген видео жарияланды
Өз халқыңа оқ атпа: Атамбаев мәлімдеме жасады
"Ашық ескертіп жатырмын": Атамбаев қарулы қарсылық көрсететінін мәлімдеді
"Одан да атып тастаңдар" Атамбаев түрмеде де үнсіз отырмайтынын мәлімдеді
Атамбаевты ұстау операциясы: Тоқаев пікір білдірді
Загрузка...