Алмазбек Атамбаев

Желіде Атамбаевтың тергеу абақтысында түсірілген фотосы жарияланды

9724
(Жаңартылды 12:57 09.08.2019)
Қырғызстанның бұрынғы президенті 26 тамызға дейін тергеу абақтысына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік желіде Алмазбек Атамбаевтың қылмыстық істі тергеу барысында түсірілген фотосы тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @bespredelKG телеграм (@bezpredelkg)

Алмазбек Атамбаев Первомай аудандық сотының шешімімен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау абақтысына 26 тамызға дейін қамауға алынды. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі экс-президентке қылмыстық кодекстің 319-бабы "Жемқорлық" бойынша айып тағылып отырғанын хабарлады.

7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Тағы оқыңыз: Қуғынға ұшыраған президенттер: Атамбаевқа дейінгі басшылар қайда жүр?

8 тамызда құқыққорғаушылар тағы операция бастап, 19.30-да Атамбаевты ұстады. Кейінірек наразылық білдірушілер күшпен тарқатылды.

Соңғы деректерге сүйенсек, екі күндік қақтығыс салдарынан 98 адам зардап шеккен, арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

9724
Кілт сөздер:
фото, Алмазбек Атамбаев
Тақырып:
Атамбаевты ұстау операциясы (17)
Тақырып бойынша
Атамбаев уақытша ұстау абақтысында: адвокаты қанша мерзімге қамалғанын айтты
Қырғызстандағы дүрбелең: Атамбаевқа қандай айып тағылып отыр?
Атамбаевтың үйіне шабуыл жасалды: Бішкекте не болып жатыр – видео
Жээнбеков Атамбаевтың үйіне жасалған шабуылға қатысты түсініктеме берді
Алмазбек Атамбаев ұсталды
Атамбаевты ұстау операциясы: Тоқаев пікір білдірді
Загрузка...