Кой-Таш ауылындағы Атамбаевтың резиденциясы

Атамбаев ұлының аса қатыгездікпен соққыға жығылғаны рас па министрлік жауабы

3887
Сейітбек Атамбаев Кой-Таш ауылындағы оқиғаға байланысты ІІМ-ге жауап алуға шақырылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз — Sputnik. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Алмазбек Атамбаевтың ұлы  - Сейітбек Атамбаев соққыға жығылды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Сейітбек Атамбаев ІІМ тергеу қызметіне жауап алу үшін 8 тамыз күні шақырылды. Ешбір дене жарақаты жоқ. Келесі күні одан қосымша жауап алынды. Сейітбек Атамбаев аяғын қайырып алғанын айтты. Бұдан соң Манас даңғылындағы травматология бөліміне барды. Оның айтуынша, 7-8 тамыз күндері Кой-Таше ауылындағы оқиға кезінде жарақат алмаған. Шағым түсірген жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Қырғызстанның ІІМ Сейітбек  Атамбаев қай кезде жарақат алғанын анықтап жатыр.

Алайда Сейітбек Атамбаев Sputnik Қырғызстан тілшісімен сұқбат барысында жарақатты Кой-Таштегі оқиға кезінде алғанын айтқан.

Атамбаев қалай ұсталды

7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Тағы оқыңыз: Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады

Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Енді ол 26 тамызға дейін тергеу абақтысында қамауда болады.

Соңғы деректер бойынша, екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

3887
Кілт сөздер:
мәлімдеме, министрлік, қатыгездік, ұл, Алмазбек Атамбаев
Тақырып:
Атамбаевты ұстау операциясы (17)
Тақырып бойынша
Қуғынға ұшыраған президенттер: Атамбаевқа дейінгі басшылар қайда жүр?
Жээнбеков Атамбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды
Атамбаевтың үйінен түрлі қару-жарақ тәркіленді
Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды
Загрузка...