Пеш, архивтегі фото

Қызын өлтіріп, мәйітін өртеген: жазадан жалтармақ болған ерлі-зайыпты ұсталды

7720
(Жаңартылды 16:42 07.11.2019)
Құқық қорғау органдарын шатыстырып, шын мәнінде не болғанын жасыру үшін еркек пен әйел өз балаларының жоғалуын қолдан ұйымдастырған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Өзбекстанның астанасы Ташкентте ата-ана өздерінің бес жасар қызын аяусыз ұрып өлтірді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан қала прокуратурасына сілтеме жасап.

"4 қараша күні А. В. деген азамат құқық қорғау органдарына Бектемір ауданында орналасқан Compass сауда кешенінде қызы Д. К. жоғалып кеткенін хабарлаған. Ташкент қаласының прокуратурасы мен ішкі істер бас басқармасы жедел тергеу тобын құрып, қызды табу үшін дереу барлық қажетті шараны қабылдады", - делінген хабарламада.

Атырау тұрғынын қыздары мен әйелі өлтіріп, үстіне бетон құйып тастаған 

Құқық қорғау органдары қызды күні бойы іздеп таппаған соң, оны өлтіріп кетуі мүмкін деген болжам жасайды.

Нәтижесінде 25 қазан күні ерлі-зайыпты Сергели ауданындағы жалға алынған пәтерде ішімдік ішіп, түнгі сағат үштің шамасында баласын қасақана ұрып өлтіргені анықталды.

"Олар қылмысты жасырып, жазадан жалтару үшін мәйіттен құтылуды ұйғарған. Сол күні таңертең оны жол сөмкесіне салып, Ташкент облысының Бостандық ауданында орналасқан жалға алынған саяжайға апарып, өртеп жіберген. Ал толық жанбай қалған сүйектерді қапқа салып, Шыршық өзеніне лақтырып жіберген", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарын ізден адастырып, шын мәнінде не болғанын жасыру үшін еркек пен әйел өз балаларының жоғалуын қолдан ұйымдастырған.

Ресми ақпарат бойынша, оқиға болған жерді тексеру барысында Д.К. мәйітінің қалдықтары табылып, айғақ зат ретінде алынды.

Қозғалған қылмыстық іс аясында қасақана кісі өлтіруге күдікті ретінде А. В. мен М.Ф. қамауға алынды.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр.   

7720
Кілт сөздер:
Ташкент, мәйіт
Тақырып бойынша
Қаратауда жантүршігерлік оқиға: белгісіз біреулер баланы өртеп кетті
Қарағанды облысының тұрғыны анасы мен әжесін өлтіріп, өртеп жіберген
"Қызымды қалай өртеді, солай өртесін" Қаратаудағы сұмдықтың мән-жайы анықталды
Шыбын жанын шырқыратқан: табиғат аясына шыққан үш жігіт жантүршігерлік қылмыс жасады
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі фото

Ауруханаға түскен Алмазбек Атамбаевқа қатысты тың ақпарат шықты

1030
(Жаңартылды 09:45 10.07.2020)
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті дәрігерлер кеңесе келе, экс-президентті камераға қайтаруға болады деген шешім қабылдағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа бір аптадан астам уақыт бұрын екі жақты пневмония диагнозы қойылып, ауруханаға жеткізілді, алайда ол қазір тергеу изоляторына қайтарылды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.  

"Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің кеңесі өтіп, оны ҰҚМК тергеу изоляторына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер оны бақылап отырады", - деп хабарлады Sputnik Қырғызстан тілшісіне мемлекеттік комитет.  

30 маусымда Атамбаевтан пневмония анықталды. Ол Президент іс басқармасы мен үкіметтің клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Атамбаев COVID-19 індетіне ПТР-тест тапсырды, вирус жұқтырмаған. Ауруханаға түсерден бір күн бұрын денсаулығы нашарлағанын айтқан.

Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды? 

Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін Қырғызстан президенті болды.

2020 жылы маусымда ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

1030
Кілт сөздер:
түрме, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев сотталды
Атамбаевтың үйінен түрлі қару-жарақ тәркіленді
Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды
Моңғолия, архивтегі сурет

Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды

736
(Жаңартылды 16:41 29.06.2020)
Бәделхан Қабдісіләмұлы парламент сайлауына осымен үшінші рет қатысып отыр, ал Әубәкір Тілеуханұлы мен Бейсен Бұланұлы депутаттықта алғаш рет таласқан

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Баян-Өлгий аймағының үш қазағы Моңғолияның парламентінің депутаты атанды. Олар 24 маусымда елде өткен парламент сайлауында жеңіп шыққан. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне жаңадан сайланған депутат, Моңғолияның құрылыс және қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы растады. 

Моңғолияда парламент сайлауы әр төрт жыл сайын өтіп тұрады. Биыл саяси дода 24 маусым күні өтті. 

Бәделхан Қабдісіләмұлының айтуынша, бұл жолы сайлауға шамамен 500-ге жуық кандидат қатысқан. Ал елдің заң шығару органында барлығы 76 орын бар. 

"Соның 62 орнын Моңғол Халық партиясы жеңіп алды. Қалған он бірі Демократиялық партияға тиесілі, қалған үшеуі басқа партиялар мен өзін-өзі ұсынғандар", - деді депутат Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы сайлауға Баян-Өлгий аймағынан, Моңғол Халық партиясының атынан қатысқан. Жалпы аймақтан үш депутаттық мандатқа 15 үміткер таласты. Үш қазақ жеңіп шыққан. 

Бірінші орынды Бәделхан Қабдісіләмұлы, Моңғол Халық партиясы, екінші орынды Әубәкір Тілеуханұлы, ол да осы партиядан, ал үшінші орынды Бейсен Бұланұлы, Демократиялық партия иеленген. 

"Мен парламентке осымен үшінші рет сайланып отырмын. Бұған дейін сайлауға 2008 және 2016 жылдары түстім. Ал Әубәкір мен Бейсен алғаш рет сайланды. Әубәкірдің жасы 44-те, кәсіпкер, ал Бейсен, қателеспесем, 58 жаста, дәрігер", - деді қандасымыз. 

Моңғолиядағы қазақ депутат Бәделхан Қабдісіләмұлы
© Photo : Бәделхан Қабдісіләмұлының жеке архивінен алынды
Қабдісіләмұлы 2000-2005 жылдары Баян-Өлгий аймағын да басқарған. Төрт қыз, бір ұлдың әкесі

Бәделхан Қабдісіләмұлы 2017 жылдан бері Моңғолияның құрылыс және қала құрылымы министрі қызметін атқарады. Айтуынша, бұған дейін республикада депутат пен министр лауазымын қатар алып жүруге рұқсат етілген. Алайда жуырда Ата заңға өзгерістер енгізілген. Енді қандасымыз тек парламент депутаты ғана болады. 

Қабдісіләмұлы 2000-2005 жылдары Баян-Өлгий аймағын да басқарған. Төрт қыз, бір ұлдың әкесі. 

Қазақ депутат парламенттің бірінші сессиясының ашылуын басқарады 

Моңғолия парламентінің жаңа мүшелері сайлау комиссиянан ресми куәліктерін алған. Бүгін-ертең ел президенті сайлау қорытындысымен танысып, саяси доданың әділ өтіп-өтпегенін тексереді. Тек осыдан кейін ғана парламенттің бірінші сессиясы ашылады. 

"Заң бойынша сайланған депутаттардың ішінде ең жасы үлкені бірінші сессияның ашылуын басқарады. Бұл жауапты міндет маған жүктеліп отыр. Жиында парламенттің жаңа басшысын дауыс беру арқылы сайлаймыз. Бұдан бөлек, оның орынбасары, тұрақты комитеттердің басшылары таңдалады. Мен отырысты бастап беремін, парламент төрағасы сайланғаннан кейін, сессияларды өзі басқарады", - деп түсіндірді ол. 

Заң бойынша Моңғолия парламентіне жасы 25-тен асқан, соңғы бес жылда ел аумағында тұратын Моңғолия азаматтары қатыса алады. 

Қандасымыз коронавирус пандемиясы парламент сайлауын өткізуге кедергі келтірмегенін атап өтті. Республикада қаңтар айынан бастап төтенше жағдай жарияланған, бірақ вирус жұқтырғандар мүлде тіркелген жоқ, дейді Қабдісіләмұлы.

736
Кілт сөздер:
депутат, қазақ, Моңғолия
Тақырып бойынша
Өзбекстандағы шенді қазақ: құжатындағы "қазақты" өзгертпеген генерал Құдайбергенов кім?
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
Шетелдегі қазақ баласы: арманым Қазақстанға оралу
Министрліктің індетке қарсы әрекетін сынға алған депутат ұсыныс білдірді
"Халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды": депутат жалақы аз деп ашынды
Астана көрінісі

Елордада 11 жыл қатарынан ұйымдастырылған шара өтпейтін болды

872
(Жаңартылды 21:12 09.08.2020)
Ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын алға тартып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2020 коронавирусқа байланысты өткізілмейді.

"Бастапқыда қыркүйек айына таман шектеулер жеңілдетіліп, жарыс болады деп ойлаған едік. Бірақ өзге марафон ұйымдастырушылары сынды біз де қатысушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмаймыз. Денсаулық пен қауіпсіздік - біз үшін ең басты орында ", - деп жазылған Astana Marathon-ның Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astana Marathon (@astana42k)

Тіркелген адамдар салымға байланысты электронды хат алады.

Өткен жылы Sputnik Қазақстан командасы Astana Marathon 2019-дың 10 шақырымын жүгіріп өткен болатын.

Елордадағы марафонға 27 елден бес мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен астана әкімі Алтай Көлгінов болды. 

Қайырымдылық жүгіру шарасы 2009 жылдан бері өткізіледі. Осы жылдары қазақстандық қайырымдылыұ ұйымдарға 97 мың доллардан астам қаражат жиналды.

872