Аялдама, архивтегі сурет

Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты

29471
(Жаңартылды 12:12 28.11.2019)
Жігіт аялдамадағы қызға сөзбен тиіскен. Болған оқиғадан соң қыз достарын шақырды. Олар қызбен бірге жігітті соққыға жыққан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша - Sputnik. Өзбекстанның Самарқанд қаласында алты адам қызға тиіскен жігітті соққыға жықты. Алған жарақат салдарынан жігіт көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

"20 қарашада түнгі 02:00-де ер адам өзінің танысымен бірге аялдамада тұрған. Ол жанындағы қызға сөзбен тиісе бастапты. Сол кезде жақын маңда өтіп бара жатқан екі ер адам қызды қорғаған", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан соң қыз телефон шалып, таныстарын көмекке шақырған. Оқиға орнына төрт жігіт пен екі қыз келді.

"Сағат 03:40 кезінде олар қызға тиіскен ер адамның біреуін соққыға жыққан. Кейін екінші жігітті ұра бастады. Оқиғаға қатысты үш адам ұсталды", - деп хабарлады Өзбекстанның тергеу департаменті.

Тағы оқыңыз: Алматыда оқушы қызға кімнің шабуыл жасағаны белгілі болды

Зардап шеккендердің бірінің бассүйегі қатты жарақаттанған. Ол емдеу мекемесінде көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

29471
Кілт сөздер:
ажал, жігіт, қыз, аялдама
Тақырып бойынша
Ақтаудағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Бес жыл құлдықта болған Қарағанды тұрғыны басынан кешкен сұмдықты айтып берді
Әжей үйіне түскен ұрыны соққыға жықты
Қарағанды мейрамханасында адам өлтіргендерге сот үкімі шықты
Шетелдік жұмысшылар астанада төбелес шығарды
 Архивтегі фото

Өзбекстанда жаяу жүргендерге 50 проценттік жеңілдік беріледі

218
Өзбекстан үкіметі жеңілдіктер жүйесін енгізе отырып, күнделікті жаяу жүру мен жүгіруді насихаттауды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда жаяу жүретін адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 50 проценттік жеңілдік беру жоспарланып отыр. Президенттің қаулысы талқыланып жатыр, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

"Бұқаралық спортты дамыту және әрбір азаматтың өміріне салауатты өмір салтын енгізу шаралары туралы" қаулыға сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпанына дейін Өзбекстанда "Жаңа тыныс" атты платформа іске қосылады. Негізгі мақсат – күнделікті жүгіру мен жаяу жүру салтын кеңінен насихаттау.

Оқи отырыңыз: Күн сайын 5 сағат жаяу жүретін даяшыға ерлі-зайыпты көлік сыйлады – видео 

"Бір күнде 10 мың қадамнан, айына – 300 мың, ал бір жылда 3,6 миллион қадамнан кем түспейтін жолды жаяу жүрген адамға барлық мемлекеттік қызметке 50 проценттік жеңілдік беріледі. Бұдан бөлек, спорт нысандарына абонемент алуға да тура сондай жеңілдік жасалады", - делінген құжатта.

Жоспарға сәйкес, Өзбекстанның әділет министрлігі "Жаңа тыныс" платформасын мемлекеттік қызметтер жүйесімен интеграциялап, жеңілдік беру бастамасын іске асырады.

218
Кілт сөздер:
жеңілдіктер, жаяу
Тақырып бойынша
"Намыстанамын": Арман Шораев қазақ күресінің жағдайына қатысты ойын айтты
Бекболат Тілеухан орнын босатуды талап еткендерге жауап берді
"Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды
"Аты бар, заты жоқ". Бекболат Тілеухан садақ ата алмаған батырларды сынады
Уктам Барноев

Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды

9701
Шенеуніктің коронавирус жұқтырғаны туралы шілде айында белгілі болды. Ол 2020 жылдың ақпан айында вице-премьер қызметіне кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. 57 жасқа қараған шағында Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев көз жұмды. Ол үкіметте аграрлық және азық-түлік саласына жауап берді.

Ақпаратты Бұхара облысының жергілікті әкімшілігінде растады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Айта кетсек, Барноев ұзақ уақыт бойы коронавирустан ем қабылдады. Шенеунікке шілде айында СOVID-19 диагнозы қойылды. Ол Akfa Medline жеке емханасында емделді. 

Расталмаған мәліметке сәйкес, Барноев соңғы уақытта Германияда дәрігерлерге қаралды.

Барноев 2020 жылы ақпан айында премьер-министр орынбасары қызметіне орналасты. Бұған дейін ол Бұхара облысының хокимі болған.

9701
Кілт сөздер:
коронавирус, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Өзбекстан президентінің қызы ұлының атын Шавкат деп қойды
Өзбекстан президенті Тоқаевтың кеңесшісін жалдады
Өзбекстанда ауыр қылмыс жасаған әйел Қазақстан азаматтығын алған
Өзбекстанда ер адам әйелі әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, от қойған
Өзбекстан азаматы 1 368 жылға сотталды
Дональд Трамп

Трамп Навальный төңірегіндегі мәселені жылы жауып қойды саясаттанушы

0
Америкалық сенаторлар Алексей Навальныйға қатысты оқиға бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын енгізді. "Sputnik" радиосының эфирінде саясаттанушы Владимир Можегов осы жайында пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Америкалық бір топ сенатор Алексей Навальный төңірегіндегі оқиға бойынша Ресейге қарсы санкция енгізу туралы заң жобасын ұсынды, деп жазды республикашыл-сенатор Марко Рубионың сайты.

Бұл құжат "халықаралық құқықты ашық бұзуға", сондай-ақ, Навальныйдың "улануына" қатысы бар Ресейдің ресми азаматтарына шектеу шараларын егізуді көздейді.

Заң жобасы америкалық биліктен Ресей президенті Владимир Путин мен оның айналасындағылардың қаржысына қатысты не білетіні туралы конгресс алдында есеп беруін талап етеді. Сонымен қатар, ол Ақ үйді "Ресей химиялық және биологиялық қаруды жоятын АҚШ заңдарын бұзды ма? " деген сауалға жауап беруге міндеттейді.

Марко Рубиодан бөлек, құжатты республикашыл-сенатор Митт Ромни, демократтар Крис Кунс, Бен Кардин және Крис Ван Холлен мақұлдады.

Енді заң жобасын қабылдау үшін сенат пен өкілдер палатасы қолдап, АҚШ президенті қол қоюы тиіс.

"Sputnik" радиосының эфирінде Владимир Можегов сенаторлар бастамасына қатысты пікір білдірді.

"Бұл таза қоғамдық жұмыс. Бұл жерде қандай мәселе болуы мүмкін? Тіпті қисынға келмейтін дүние. Мұның бәрі кедейлердің пайдасына, сайлау алдындағы науқанды ушықтыруға қатысты әңгімеге келіп тіреледі. Ал Навальный туралы іс демократтардың күн тәртібінде тұр. Республикашылдар бұл мәселеге барынша немқұрайлылық танытып отыр. Менің ойымша, олар алдағы уақытта да бұл әңгімеге араласпайды. Трамптың өзі бұл жәйтті алыстан мұқият орағытып алып келді. Ал мемлекеттік хатшы Майк Помпео оқиғаға қатысты барлық факті толық анықталған кезде ғана реакция таныту қажеттігін, ал қазір жағдайдың қалай өрбитіні түсініксіз екенін атап өтті", - деді Владимир Можегов.

Оның пікірінше, америкалықтардың немістерден Навальный туралы мәлімет алуына мүмкіндігі бар. Алайда олар ешқандай сауал жібермеген.

"Ол санкция салуға қандай да бір негіз болар еді. Бұл бұлыңғыр оқиға болғандықтан, Трамп оның тереңіне үңілгісі, демократтардың арбауына түскісі келмейді. Демократтар бұл тақырыпты күн тәртібіне батыл қояды, ал Трамп одан өзін алшақ ұстары сөзсіз", - деп есептейді саясаттанушы.

20 тамызда ұшақта Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлағандықтан, Омбы ауруханасына жатқызылған болатын. Дәрігерлер қандағы қант деңгейінің күрт түсіп кетуінен зат алмасу жүйесінің бұзылғанын мәлімдеді. Оған не түрткі болғаны әлі белгісіз, алайда Навальныйдың қаны мен зәрінен у табылған жоқ.

Кейінірек ол Германияға жеткізілді. Қыркүйек айының басында неміс үкіметі ресейлік оппозиционердің "Новичок" химиялық затынан уланғанын мәлімдеді. Мәскеу Берлин зертханасынан талдау нәтижесіне қатысты анықтаманы сұратқан болатын. Бірақ неміс тарапы үнсіз.

BND неміс барлау қызметінің 1990-шы жылдан бастап "Новичокқа" қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оны батыстың 20-ға тарта мемлекеті, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Чехия елдері де зерттеген.

Ресей президенттің 1992 жылғы жарлығына сәйкес, химиялық қару саласындағы зерттеуін тоқтатып, 2017 жылы осындай заттардың қорын толықтай жойып жіберген еді. Мұны химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым растады.

0