Оператор, архивтегі сурет

Актриса өзіне жасалған біртүрлі ұсыныс туралы айтып берді

1373
(Жаңартылды 09:29 10.01.2020)
Ол мұндай ұсынысқа қанша ақша төлесе де, келіспейтінін айтып отыр. Актриса бұл ақпаратпен сұхбат барысында бөліскен

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар - Sputnik. Өзбек актрисасы Ситора Фармонова ұятсыз сериялары бар фильмге түсуден бас тартқанын айтты. Оған бұл рөлі үшін 700 мың доллар ұсынған, деп хабарлайды Zamin.

" 2008 жылы маған Голливудтан ұсыныс тсті.  Sony Entertaiment Production  ресейлік арнамен бірге сериал түсіруді жоспарлаған. Олар рөл үшін 700 мың доллар төлеуге әзір еді. Алайда 50-ші сериядан бастап ұятсыз сахналар басталады. Мен бас тартым ", - деді Ситора.

Оның айтуынша, 350 сериялы фильмге түсу үшін актрисаға дублер де ұсынылған. Алайда ол бұл жолы да фильмнен бас тартты. Қанша ақша төлесе де, мұндай жобаларға қатыспайтынын айтады.

2019 жылдың ақпан айында актриса Instagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандарынан жеке өмірі туралы сұрақ қоймауды өтініпті.

1373
Кілт сөздер:
видео, ұсыныс, актриса
Тақырып бойынша
Танымал актриса шұғыл ауруханаға жеткізілді
Белгілі актриса көрерменді шапалақпен тартып жіберді
Танымал голливудтық актриса Данэлия Төлешованың әнінен кейін көзіне жас алды - видео
Танымал актриса есірткімен ұсталды – оқиғаның мән-жайы
Белгілі актриса 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі фото

Ауруханаға түскен Алмазбек Атамбаевқа қатысты тың ақпарат шықты

1026
(Жаңартылды 09:45 10.07.2020)
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті дәрігерлер кеңесе келе, экс-президентті камераға қайтаруға болады деген шешім қабылдағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа бір аптадан астам уақыт бұрын екі жақты пневмония диагнозы қойылып, ауруханаға жеткізілді, алайда ол қазір тергеу изоляторына қайтарылды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.  

"Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің кеңесі өтіп, оны ҰҚМК тергеу изоляторына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер оны бақылап отырады", - деп хабарлады Sputnik Қырғызстан тілшісіне мемлекеттік комитет.  

30 маусымда Атамбаевтан пневмония анықталды. Ол Президент іс басқармасы мен үкіметтің клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Атамбаев COVID-19 індетіне ПТР-тест тапсырды, вирус жұқтырмаған. Ауруханаға түсерден бір күн бұрын денсаулығы нашарлағанын айтқан.

Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды? 

Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін Қырғызстан президенті болды.

2020 жылы маусымда ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

1026
Кілт сөздер:
түрме, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев сотталды
Атамбаевтың үйінен түрлі қару-жарақ тәркіленді
Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды
Моңғолия, архивтегі сурет

Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды

734
(Жаңартылды 16:41 29.06.2020)
Бәделхан Қабдісіләмұлы парламент сайлауына осымен үшінші рет қатысып отыр, ал Әубәкір Тілеуханұлы мен Бейсен Бұланұлы депутаттықта алғаш рет таласқан

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Баян-Өлгий аймағының үш қазағы Моңғолияның парламентінің депутаты атанды. Олар 24 маусымда елде өткен парламент сайлауында жеңіп шыққан. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне жаңадан сайланған депутат, Моңғолияның құрылыс және қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы растады. 

Моңғолияда парламент сайлауы әр төрт жыл сайын өтіп тұрады. Биыл саяси дода 24 маусым күні өтті. 

Бәделхан Қабдісіләмұлының айтуынша, бұл жолы сайлауға шамамен 500-ге жуық кандидат қатысқан. Ал елдің заң шығару органында барлығы 76 орын бар. 

"Соның 62 орнын Моңғол Халық партиясы жеңіп алды. Қалған он бірі Демократиялық партияға тиесілі, қалған үшеуі басқа партиялар мен өзін-өзі ұсынғандар", - деді депутат Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы сайлауға Баян-Өлгий аймағынан, Моңғол Халық партиясының атынан қатысқан. Жалпы аймақтан үш депутаттық мандатқа 15 үміткер таласты. Үш қазақ жеңіп шыққан. 

Бірінші орынды Бәделхан Қабдісіләмұлы, Моңғол Халық партиясы, екінші орынды Әубәкір Тілеуханұлы, ол да осы партиядан, ал үшінші орынды Бейсен Бұланұлы, Демократиялық партия иеленген. 

"Мен парламентке осымен үшінші рет сайланып отырмын. Бұған дейін сайлауға 2008 және 2016 жылдары түстім. Ал Әубәкір мен Бейсен алғаш рет сайланды. Әубәкірдің жасы 44-те, кәсіпкер, ал Бейсен, қателеспесем, 58 жаста, дәрігер", - деді қандасымыз. 

Моңғолиядағы қазақ депутат Бәделхан Қабдісіләмұлы
© Photo : Бәделхан Қабдісіләмұлының жеке архивінен алынды
Қабдісіләмұлы 2000-2005 жылдары Баян-Өлгий аймағын да басқарған. Төрт қыз, бір ұлдың әкесі

Бәделхан Қабдісіләмұлы 2017 жылдан бері Моңғолияның құрылыс және қала құрылымы министрі қызметін атқарады. Айтуынша, бұған дейін республикада депутат пен министр лауазымын қатар алып жүруге рұқсат етілген. Алайда жуырда Ата заңға өзгерістер енгізілген. Енді қандасымыз тек парламент депутаты ғана болады. 

Қабдісіләмұлы 2000-2005 жылдары Баян-Өлгий аймағын да басқарған. Төрт қыз, бір ұлдың әкесі. 

Қазақ депутат парламенттің бірінші сессиясының ашылуын басқарады 

Моңғолия парламентінің жаңа мүшелері сайлау комиссиянан ресми куәліктерін алған. Бүгін-ертең ел президенті сайлау қорытындысымен танысып, саяси доданың әділ өтіп-өтпегенін тексереді. Тек осыдан кейін ғана парламенттің бірінші сессиясы ашылады. 

"Заң бойынша сайланған депутаттардың ішінде ең жасы үлкені бірінші сессияның ашылуын басқарады. Бұл жауапты міндет маған жүктеліп отыр. Жиында парламенттің жаңа басшысын дауыс беру арқылы сайлаймыз. Бұдан бөлек, оның орынбасары, тұрақты комитеттердің басшылары таңдалады. Мен отырысты бастап беремін, парламент төрағасы сайланғаннан кейін, сессияларды өзі басқарады", - деп түсіндірді ол. 

Заң бойынша Моңғолия парламентіне жасы 25-тен асқан, соңғы бес жылда ел аумағында тұратын Моңғолия азаматтары қатыса алады. 

Қандасымыз коронавирус пандемиясы парламент сайлауын өткізуге кедергі келтірмегенін атап өтті. Республикада қаңтар айынан бастап төтенше жағдай жарияланған, бірақ вирус жұқтырғандар мүлде тіркелген жоқ, дейді Қабдісіләмұлы.

734
Кілт сөздер:
депутат, қазақ, Моңғолия
Тақырып бойынша
Өзбекстандағы шенді қазақ: құжатындағы "қазақты" өзгертпеген генерал Құдайбергенов кім?
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
Шетелдегі қазақ баласы: арманым Қазақстанға оралу
Министрліктің індетке қарсы әрекетін сынға алған депутат ұсыныс білдірді
"Халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды": депутат жалақы аз деп ашынды
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты