Владимир Путин. Архивное фото

Путин Өзбекстан президенті Каримовтің қабіріне гүл шоқтарын қойды

27
(Жаңартылды 15:18 15.09.2016)
РФ президенті Владимир Путин Самарқанда Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің қабіріне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды РИА Новости.

АСТАНА, 6 қыр — Sputnik. РФ президенті Владимир Путин Самарқанда Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің қабіріне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды РИА Новости.

Путин Самарқанға келген бойда 3 қыркүйекте Каримов жерленген қабірге барды.

Қабір Өзбекстанның тұңғыш президентінің туған қаласында, Шахи-Зинданың тарихи ескертіші маңында орналасқан. Ол жерде Каримовтің ата-анасы жерленген. РФ президенті Өзбекстанның тұңғыш президентін еске алып республиканың премьер-министрімен бірге құрмет білдірді. Путин қызыл раушан гүл шоқтарын қойды.

27