Ұшақ

Бортында 70 жолаушысы бар ұшақ Сочиден ұшқан соң радар экрандарынан жоғалып кетті

10
РФ Қорғаныс министрлігінің жоғалып кеткен ұшағының бортында 70 жолаушы болған

АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Бастапқы мәліметтер бойынша, Қорғаныс министрлігінің ұшағы Ту-154 Сочиден ұшып шыққан соң радар экрандарынан жоғалып кеткен, бортта 70-ке жуық адам болған деп хабарлады жедел қызметтер дереккөзі жексенбі күні РИА Новости агенттігіне.

"Бастапқы берілген мәліметтер бойынша, Қорғаныс министрлігінің ұшағы Ту-154 Сочи әуежайынан ұшып шыққан соң радар экрандарынан жоғалып кеткен, бортта 70-ке жуық адам болған", — деді агенттікке сұхбат беруші.

Қорғаныс министрлігінің ұшағы сириялық Латакияға баруы тиіс болатын.

10
Тақырып:
Қара теңіздегі Ту-154 апаты (8)