Қыз

Ресейде оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен қазақстандық ұсталды

2138
(Жаңартылды 15:37 09.03.2017)
Ер адамның оқушы қызбен қатынасы туралы басқа қылмыстық істі тергеу барысында анықталған

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Мәскеу түбінгегі Подольскіде жасөспірім қызбен ұзақ уақыт жыныстық қарым-қатынаста болғаны үшін Қазақстан азаматы қамауға алынды деп хабарлайды "360".

РФ ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 20 жастағы ер адам 2016 жылы қаңтар-ақпан айларында 14 жасар мектеп оқушысымен жыныстық қарым-қатынасқа түскен.

Бұл қылмыс осы азаматқа қатысты басқа бір қылмыстық істің тергелуі барысында анықталды.

Істің анық-қанығы белгілі болғанда, тергеушілер ер адамға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматты бірден қамауға алды. 

2138
Загрузка...