Әлем

Петербургтегі жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты

© AFP 2024 / Ruslan SHAMUKOVВзрывы в метро в Санкт-Петербурге
Взрывы в метро в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санкт-Петербург метросының екі станциясында жарылыс болды

АСТАНА, 3 сәу – Sputnik. Санкт-Петербург метросындағы жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тауып, 20-дан астамы зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости Ұлттық терроризмге қарсы комитетке сілтеме жасай отырып. 

"Алдын ала деректер бойынша, Санкт-Петербург метросындағы жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тауып, 20-дан астамы зардап шекті, оның ішінде ауыр жарақат алғандар бар. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", — делінген хабарламада. 

Санкт-Петербург метросында "Сенная площадь" пен "Технологический институт" станцияларында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, вагонда анықталмаған зат жарылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар бар, олардың саны нақтыланып жатыр. ҚР СІМ петербургтік метродағы жарылыс салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақастандықтардың бар-жоқтығы туралы ақпаратты тексеріп жатыр.


Жаңалықтар
0