Әлем

Евгений Евтушенконы жерлеу рәсімі 12 сәуірде өтеді

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуақын Евгений Евтушенко
ақын Евгений Евтушенко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгілі ақын Евгений Евтушенко АҚШ-та жүрегі тоқтап қалып, көз жұмды

АСТАНА, 4 сәу — Sputnik. Евгений Евтушенкомен қоштасу рәсімі сейсенбі, 11 сәуірде, Әдебиетшілердің орталық үйінде өтеді, бұл туралы РИА Новостиге ақынның отбасына жақын дереккөзі хабарлады. 

"Евгений Евтушенкомен қоштасу Әдебиетшілердің орталық үйінде өтеді, 12 сәуірде Переделкинодағы шіркеуде жаназа оқылып, зиратқа жерленеді", — деді агенттікпен әңгімелесуші. 

Евтушенко сенбі, 1 сәуір күні 85 жасқа қараған шағында америкалық Талса (Оклахома) қаласында көз жұмды. Өмірінің соңғы 25 жылы сонда жұмыс істеп, мекендеген.  


Жаңалықтар
0