Әлем

Жанна Фрискенің еміне ақша аударғандар қаражатын қайтарып алуы мүмкін

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖанна Фрискемен қоштасу
Жанна Фрискемен қоштасу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанна Фрискенің туыстары 21 миллион рубльді қайтаруға көнсе, әртістің табынушылары жаратылмаған қаражатты қайтарып алуы мүмкін

АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ресейлік әнші Жанна Фрискенің емделуіне қаражат аударғандар өз ақшаларын қайтарып ала алады немесе ауру балаларға арналған қайырымдылық қорында қалдары алады, деп хабарлайды РИА Новости Русфондқа сілтеме жасай отырып. 

Әншінің емделуіне жиналған қаражатқа қатысты дау Русфонд Фрискенің отбасына 25,01 миллион рубль аударып, ал есепте 4,12 миллион рубль көрсетілгеннен кейін туындады. Қор әншінің әкесі, анасы мен күйеуіне жаратылмаған қаражатты қайтару туралы шағым түсірді. Жанна Фрискенің азаматтық күйеуі Дмитрий Шепелев қаражатты Жаннаның анасы Ольга шығарып алғанын айтты. Сот Жанна Фрискенің ата-анасынан 21 миллион рубльді өндіруді заңды деп таныды. 

"Барлық қайтарылған қаражатты Русфонд ақша аударғандар қасылық білдірмесе жоспарланғандай онкологияға шалдыққан балаларға жұмсайды. Русфонд ережелеріне сәйкес, ресми сайтта біз бұл қаражаттан көмек алған әр бала туралы жазып отырамыз", — деп мәлім етті қор президенті Лев Амбиндер. 


Жаңалықтар
0