Әлем

Алла Пугачева мен Максим Галкин некелесті

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАлла Пугачёва мен Максим Галкин
Алла Пугачёва мен Максим Галкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Максим Галкин мен Алла Пугачева некелесу салтанатына жақын-жуықтарын ғана шақырды

АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Ресейлік әртістер Максим Галкин мен Алла Пугачева он алты жыл қарым-қатынаста болып, алты жыл бірге тұрып, некелесті.

Андрей Малахов пен әйелі Наталья Шкулева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тележүргізуші Андрей Малахов ұлды болды

Олар бұл жағымды жаңалықты Instagram желісі арқылы хабарлаған.

"Өмірімнің соңына дейін алғашқы некем үшін өкініп, Құдайдан кешірім сұрайтын боламын. Бұл ойланбай, аяқ асты жасалған, аңғал қадам болды. Шайтан азғырды. Құдайға шүкір, екінші рет некелесуге болады. Бүгін ойланып-толғанып, махаббат жолында дұрыс шешім қабылдадым, өмірімнің соңына дейін адал боламын", — деп жады Алла Пугачева Филипп Киркоровпен алғашқы некесін еске алып. 

Максим Галкин некелесу сәтінің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына салды.

 

 

"Некелесу Мәскеу түбіндегі шағын шіркеуде өтті. Ең жақын достарымыз бен туыстарымызды ғана шақырдық. Алланың екінші рет некелесуіне рұқсат алдық. Екінші рет некелесуге Шіркеу тыйым салмайды. Бәлкім, құптамайтын шығар, дегенмен рұқсат етіледі", — деп түндірді Галкин. 

Жаңалықтар
0