Әлем

Ресей СІМ Иманғали Тасмағамбетовті марапаттады

© Photo : Минобороны КазахстанаИманғали Тасмағамбетов
Иманғали Тасмағамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елші қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгі иеленді

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей сыртқы істер министрлігі тарапынан "Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлады РФ СІМ баспасөз қызметі.

Установка юрты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тасмағамбетов Мәскеуде күмбезі киіз үй іспетті жаңа кеңсеге көшті

Марапат Тасмағамбетовке 11 желтоқсан күні РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасинмен кездесу барысында ұсынылды.

"Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің шешімімен ынтымақтас Қазақстанның елшісі қос ел арасындағы стратегиялық және одақтық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі, мәдени диалогты кеңейтуі, сондай-ақ ортақ интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ынтымақтастығы үшін осы төсбелгімен марапатталады", — делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше әрі өкілетті елшісі болып 2017 жылы 3 ақпанда тағайындалған, оған дейін вице-премьер лауазымын иеленген.

Жаңалықтар
0