Ер адам қамауда отыр, архивтегі фото

Ресейлік үш айлық қызын өлтірді деген күдікке ілінді

78
Жантүршігерлік қылмыс Салехард қаласында болған, алдын ала мәлімет бойынша, баланы әкесі ұрып өлтірген

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik.  Ресейдің Ямало-Ненецкий автономды округінің тұрғыны өзінің үш айлық қызын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды РФ тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы.   

Ведомствоның мәліметінше, жексенбі күні таңертең Салехард қаласындағы пәтерлердің бірінен үш айлық қыздың мәйіті табылған. Баланың денесі көкала қойдай болған — терісі сыдырылып, бас тұсы қанталап кеткен.  

"Қазіргі таңда күдікті – баланың әкесі ұсталды, оқиға орны мұқият қаралды, куәгерлерден жауап алынды. Криминалистикалық сараптама тағайындалды. Материалдарды жинау барысында отбасы еш жерде есепте тұрмайтыны анықталды", — деп жазылған хабарламада.

27 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, күдікті бұрын екі рет сотталған. Ол әйелімен ұрсысып қалып, "өшін" баладан алған деген болжам жасалып отыр. БАҚ ер адамның қолынан сондай-ақ үш жасар ұлы да зардап шеккенін хабарлады. Бала ауруханаға жатқызылған.   


78