Әлем

Путин алдағы жоспары және жаңа премьер жөнінде айтты

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуРФ президенті Владимир Путин
РФ президенті Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті қазіргі премьер-министр Дмитрий Медведев "өз орнында қала ма, жоқ па?" деген сұраққа жауап бермеді

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин алдын ала сайлау қорытындысы бойынша (75 пайыздан жоғары дауыс алған) жеңіске жеткен, ол митингте жақтастарына алғыс білдірді және сайлауалды штабына барып, мүшелерімен кездескен, деп хабарлады centralasian.org. 

Акорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Ол ел Конституциясына өзгеріс енгізу әзірге ойында жоқ екенін, жаңа премьердің кандидатурасын ойлай бастағанын айтты. Бірақ қазіргі премьер-министр Дмитрий Медведев өз орнында қала ма, жоқ па жауап бермеді.

"Келесі президент сайлауына тағы қатысасыз ба?" деген сұрақты "күлкілі" деп атап, "Мен 100 жасқа дейін отырамын ба? Жоқ" деп жауап берген.

Путин митингте өзіне дауыс бергендерге алғысын жеткізді. 

"Сіздер – ортақ командасыздар. Бүгін кім дауыс берді – біздің үлкен жалпыұлттық команда", – деді ол Мәскеудің Манеж алаңында "Ресей. Севастополь. Қырым" митингісінде сөйлеген сөзінде.

Путин сайлаушыларға алғысын білдірді - Sputnik Қазақстан
Видео
Путин сайлаушыларға алғысын білдірді
Путин елін бірлікке шақырып, алға қарай жылжуымыз керек деді.

"Біз конъюнктуралық түсінікпен басшылық етпейміз. Болашақ балаларымызды ойлаймыз. Ресей үшін бірге масштабты жұмысты қолға аламыз", – деді Путин.

Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша Путин президент сайлауында 75,01 пайыз дауыс алып, алда келеді. Екінші орында КПРФ атынан кандидат Павел Грудинин (13,38%).


Жаңалықтар
0