Балабақша

Элиталы балабақшаның тәрбиешісі баланы аяусыз сабап тастаған

506
(Жаңартылды 16:19 10.05.2018)
Тергеу болжамы бойынша, әйел баланы бір бау кілтпен ұрып-соғып, бет-аузын жастықпен жапқан, кейін қараңғы бөлмеге қамап қойған

АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Қазандағы (Ресей) элиталы балабақшаның тәрбиешісі 4 жасар баланы қатаң жазалағаны үшін сот алдында жауап береді. 

 "Тынығу сағатында" ұйықтамай, өзге балалардың ұйықтауына кедергі келтірген баланы тәрбиеші бір бау кілтпен және тәпішкемен ұрып-соғып, бет-аузын жастықпен жапқан. Кейін баланы кабинетке қамап, жарықты сөндіріп қойған", — деп жазылған Ресей тергеу комитетінің хабарламасында.  

Әйелге адам өлтіруге оқталды және баланы заңсыз бас бостандығынан айырды деген айып тағылып отыр.  

Қылмыстық іс сотқа жолданды.  


506
Загрузка...