Режиссер Станислав Говорухин

Белгілі ресейлік актер әрі режиссер қайтыс болды

18
Говорухин "Ворошиловский стрелок" және "Место встречи изменить нельзя" сияқты қайталанбас туындыларды түсірген

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. "Ворошиловский стрелок" фильмінің режиссері Станислав Говорухин ұзаққа созылған науқасынан қайтыс болды. Танымал режиссердің қазасы туралы бейсенбі күні Мемлекеттік дума отырысында белгілі болды.

"10:37-де Барвиха санаторийінде біздің әріптесіміз Станислав Сергеевич Говорухин ұзаққа созылған ауыр науқастан дүние салды. Ол ақтық демі қалғанша дертімен күресті, бірақ жеңе алмады", — деді Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің парламент мүшелері Говорухинді бір минут үнсізлікпен еске алды.

Станислав Говорухин — танымал ресейлік актер, режиссер әрі сценарист. Шығармашылық жолында ондаған кинокартина түсірген: "Вертикаль", "Десять негритят", "Место встречи изменить нельзя", "Ворошиловский стрелок", "В поисках капитана Гранта" және басқалары.

18
Кілт сөздер:
актер, режиссер, Станислав Говорухин, Ресей