Жолаушылар

Танымал актер мас күйінде ұшақта жанжал шығарды - видео

832
(Жаңартылды 20:23 17.08.2018)
Актер стюардтардың ескертуін құлағына да ілмей, ұшақ ішін әрлі-берлі кезіп жүрген

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Ресейдің атышулы актері Алексей Панин Симферополь — Москва рейсін орындаушы ұшақта жанжал шығарып, әртісті рейстен шығарып жіберді.

Ұшақ әуежайдан ұшып шыға салысымен қайта оралуға мәжбүр болған, жанжалқой актерді полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды РЕН ТВ.

Актердің шу шығарып жатқан сәті түсірілген видеоны сол ұшақта болған жолаушылар желіде жариялаған. Удай мас Панин ұшақ ішін әрлі-берлі кезіп, стюардтардың сөзін құлағына да ілмейді.

Экипаж командирі болған жайтты естіген бойда әуежайға қайта оралуға шешім қабылдап, сол жерде Алексей Панинді полицейлер күтіп алды.

Актер Алексей Панин "Жмурки", "Солдаты", "Звезда" және басқа да фильмдерімен көпшілікке танылған. Соңғы кездері ішкілікке құмарлығының кесірінен басы дауға жиі қалып жүр. Бұдан бұрын да желіде жарияланған видеолары жұрттың жағасын ұстатқан.

Танымал актердің бірінші әйелі кісі қолынан қаза тапты

Бейнежазбалар шыққан сайын актер ендігәрі қайталамауға уәде беріп, үндеу жасайды. Бірақ көп ұзамай баяғы әуеніне қайта басады.

Әйелін жауыздықпен өлтірген белгілі актер сотталды

832
Кілт сөздер:
полиция, видео, әуежай, ұшақ, жанжал, актер, Ресей
Тақырып бойынша
Белгілі ресейлік актер әрі режиссер қайтыс болды
Әлемге әйгілі актер рухани шөліркегенде Құран оқитынын мойындады
Астанаға келген танымал корейлік актер қыздарды жылатты
Загрузка...