қыз бала

Дін қызметкері өзен жағасында оқушы қызды зорлады

10257
(Жаңартылды 16:57 03.09.2018)
Ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Ресейде полиция кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген айыппен ғибадатхана қызметкерін ұстады, деп хабарлайды tass.ru.

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, Алтайдағы Павлов ауданы Черемное селосындағы ғибадатхананың дін қызметкері оқушы қызды зорлады деп айыпталып отыр.

"Дін қызметкеріне 20 шілдеде Октябрь ауданындағы Барнаулда Обь өзенінің жағасында 2005 жылы туған оқушы қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды", — деді полиция.

Дін қызметкері 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

50 жастағы ер адамның діни қызметте 1995 жылдан бері жүргені белгілі болды. 

10257
Кілт сөздер:
дін қызметкері, қызды зорлау, қылмыстық іс, Ресей
Тақырып бойынша
Зейнеткер саяжайдағы үйінде немересінің 8 жасар құрбысын зорлап тастады
Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастады
Күзетші көлігіне жылынып алуға отырған 12 жасар қызды зорлап тастады
Шығыс Қазақстанда сегізінші сынып оқушысы 4 жасар баланы зорлап тастады
Ақтөбеде жасөспірім жеті жасар баланы зорлады
Жамбыл облысында үш баланың әкесі сегіз жасар қызын зорлады
Вакцина, архивтегі фото

Ресей жақында коронавирусқа қарсы екінші вакцинаны тіркейді

11
Бұған дейін ресейлік ғалымдар "Спутник V" деп аталатын коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны тіркеген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин таяуда коронавирусқа қарсы екінші ресейлік вакцина тіркелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Айтпақшы, жақын арада коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркеледі", - деді Путин сенаторлармен кездесуде.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді  

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп жасаған COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Ол "Спутник V" деп аталды. Роспотребнадзордың "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалған тағы бір ресейлік коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" вакцинасы сынақтан өтіп жатыр.

Сонымен қатар, РФ денсаулық сақтау министрлігі М.П.Чумаков атындағы Федералды ғылыми орталықта жасалған коронавирусқа қарсы жаңа – үшінші вакцинаның клиникалық сынақтарына рұқсат берді.  

11
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, Ресей
Тақырып бойынша
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды
Депутат жаппай вакцина салдыруды ұсынды 
Ғалымдар коронавирусты өлтіретін ақуыз ойлап тапты
Қазақстан тұмауға қарсы 2,2 миллион вакцина сатып алды - сапасы қандай ?
Цой тұмауға қарсы вакцинаны не үшін елден бұрын салдырғанын айтты – видео
Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты
зертхана

Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты

57
Ғалымдардың пікірінше, ол қатерлі ісік түрлерімен, сондай-ақ, түрлі бактериялық инфекциялармен күресуге көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік ғалымдар әмбебап антибиотик ойлап тапты.

Түмен мемлекеттік университетінің ғалымдары Ресейдің басқа ғылыми-зерттеу институттарындағы әріптестерімен бірлесіп, әлемдегі алғашқы әмбебап табиғи антибиотик тапты, ол қоздырғыштардың дәріге төзімділігін жеңе алады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл зат бактериялардың әсерінен адамдар мен жануарлардың бойында болатын инфекциялық аурулармен тиімді күресуге көмектеседі. Ғалымдар зерттеу жұмысын Applied Biochemistry and Microbiology журналында жариялады. 

Мақала авторларының атап өтуінше, фармакологияның басты міндеттерінің бірі  - нарықтағы қолжетімді антибиотиктерге көп рет (MDR) немесе абсолютті түрде (XDR) төзімді келетін микроағзалармен күресе алатын табиғи антибиотиктерді іздеу табу.

Түмен зерттеушілері А эмерициллипсин пептидінің бірегей "қабілетін" ашып көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, бұл зат бактериялардың биоқабат түзу қабілетін тежейді, соның әсерінен бұл ауру қоздырғыштардың антибиотиктерге төзімділігі жойылады.

Бұл заттың басты ерекшелігі – инфекцияға әсер ету әмбебаптығы, деп түсіндірді мақала авторлары.

Ғалымдар А эмерициллипсині ісіктер, сондай-ақ бактериялық және саңырауқұлақ инфекцияларының көп түрімен күресуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Терапия егу немесе зақымданған тіндерді тікелей емдеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

57
Кілт сөздер:
ғалымдар
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ