Ит

Ит қожайынының бес жасар қызын талап өлтірді

977
Қыздың ата-анасы итті екі апта бұрын сатып алғаны белгілі болды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Калининград облысында ит иесінің бес жасар қызын қауіп өлтірді. Бұл туралы 16 қыркүйек күні Ресейдің тергеу комитеті өңірлік басқармасының сайтында жазылды.

Бұралқы иттің архивтегі фотосы
© Sputnik / Константин Чалабов

"Кеше құқық қорғау органдарына Гурьев ауданының Рощино кентінде кішкентай қыздың қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеушілер дереу оқиға орнына аттанды. Тексеру кезінде баланы ит талағаны анықталды", — делінген ақпаратта.  

Қыздың ата-анасы итті екі апта бұрын сатып алғаны аталып өткен. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады. 

2017 жылдың қараша айында Мәскеу түбінде зейнеткерді көршісінің екі иті талап тастаған болатын. Королев қаласының тұрғыны дүкеннен нан әкелуге шығып кетеді. Алайда екі сағат бойы қайтып келмеген соң, күйеуі іздеп шыққан. Ол әйелінің денесін үйдің жанынан тауып алған. Жедел жәрдем дәрігерлері марқұмды ит талап өлтіргенін мәлімдеді. 


977
Кілт сөздер:
бала, қабаған ит, Ресей
Тақырып бойынша
Адам сияқты сөйлейтін ит әлеуметтік желіні дүрліктірді – видео
Ит өзін жеп қоя жаздаған қабыланды құтқарды - видео
Үстіне "аспаннан" ит құлаған бойжеткен ауруханаға түсті – видео
Астанада биыл жеті мың қаңғыбас ит піштіріледі
Ақмола облысында жас баланы ит талап өлтірді
Қазақстан "Абылайхан" және "Ит жылы" алтын монеталарын шығарды
Загрузка...