Науқас төсекте жатыр

Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады

10737
(Жаңартылды 16:33 25.09.2018)
Ер адам науқастан болған жағдай туралы ешкімге айтпауын өтінген

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Ресейдің Ижевск қаласында орналасқан аурухана дәрігері 32 жастағы науқасты зорлады, деп хабарлайды "Комсомольская правда в Ижевске" басылымы.

Ер адам науқас әйелді ауыз қуысындағы бадамша безін алып тастағаннан кейін зорлаған.  

Дәрігер сол күні мас болып, отадан кейін кабинетінде жатқан әйелге ішімдік ұсынған. Кейін әйел бетін қайтарған соң оған тарпа бас салады. 

Ота кезінде жансыздандыратын дәрі салынғандықтан, әйел өзін зорлаған ер адамға қарсылық көрсете алмаған. Кейін дәрігер оны палатасына жіберіп, болған жағдай туралы ешкімге айтпауын өтінеді. Алайда науқас өз палатасына жеткен соң бірден полицияға болған жағдай туралы хабар берген.

Қазірде қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша ("Зорлау") қылмыстық іс қозғалды.

10737
Кілт сөздер:
ер адам, әйел, науқас, қылмыстық іс, зорлау, Ресей
Тақырып бойынша
Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады
Жамбыл облысында үш баланың әкесі сегіз жасар қызын зорлады
Зейнеткер саяжайдағы үйінде немересінің 8 жасар құрбысын зорлап тастады
Күзетші көлігіне жылынып алуға отырған 12 жасар қызды зорлап тастады
Шығыс Қазақстанда сегізінші сынып оқушысы 4 жасар баланы зорлап тастады
Туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам итінің арқасында ақталып шықты
Дін қызметкері өзен жағасында оқушы қызды зорлады
Загрузка...