Чувашияда жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысып, 12 адам өлді

Жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысып, 12 адам өлді видео

695
(Жаңартылды 18:34 12.10.2018)
Чувашия автожолында 12 адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 12 қазан — Sputnik.  Ресей Федерациясының Чуваш республикасында жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысты. Салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости. 

Апат Чебоксары аудаындағы М-7 тасжолында кеше кешкі уақытта болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 10 адам жарақат алды. Олардың төртеуі, дәрігерлердің айтуынша, хал үстінде жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шағын автобус заңды жұмыс істейтін адамға тиесілі. 

Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. РФ Қылмыстық кодекстің 264-бабы 5-бөлігі бойынша (Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресей Федерациясының Мемлекеттік көліктік бақылау инспекциясының өкілі мәлімдегендей, Mercedes жүк көлігі тыйым салынған жерде қарсы жолаққа шығып кеткен. 


695
Кілт сөздер:
жүк көлігі, жол апаты, автобус, Ресей
Тақырып бойынша
Павлодар облысында басқарма басшысы отбасымен жол апатынан қаза болды
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Көпірден ұшып кете жаздады: жол апатынан 9 жасар қыз бен әйел зардап шеккен
Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
Жыл басынан бері Қазақстанда 600-ден аса адам жол апатынан көз жұмды
Загрузка...