Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт

Колледждегі терактіні студент ұйымдастырған Қырым басшысы

338
(Жаңартылды 08:23 18.10.2018)
Теракт жасаған күдікті өз-өзіне қол жұмсапты. Лаңкестік құрбандарының саны 19 адамға жетті, басым көпшілігі - студенттер

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Керчь қаласындағы политехникалық колледжде теракт жасады деген күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Ол осы оқу орнының төртінші курс студенті екен. Бұл туралы Қырым басшысы Сергей Аксенов хабарлады, деп жазады РИА Новости.

"Күдікті өз-өзін атып өлтірді, жасы 22-де еді. Денесі екінші қабаттағы кітапханадан табылды", — деп мәлімет берді Аксенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қылмыскер ғимаратқа кіріп, колледждегі адамдарға оқ жаудырады, кейін жарылғыш затты қолданған.

Керчь қаласындағы қайғылы оқиға жаппай кісі өлтіру деп аталды

Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко хабарлағандай, Керчь қаласындағы жарылысқа байланысты екі немесе одан да көп тұлғаны жалпыға қауіпті әдіспен өлтіру деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бұрын Керчьтегі оқиға теракт деп аталғаны туралы ақпарат шыққан.

Ресей президенті Владимир Путин қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

"Жарылыстан адамдар ажал құшты, зардап шеккендер көп. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтқым келеді, зардап шеккендер тез арада сауығып кетсін деп тілеймін. Ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", — деді Путин Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ алдында сөйлеген сөзінде.

  • Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт
    Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт
    © Sputnik / Екатерина Кейзо
  • Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт
    Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт
    © Sputnik / Екатерина Кейзо
  • Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт
    Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт
    © Sputnik / Мария Крицкая
  • Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт
    Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған терактф
    © Sputnik / Екатерина Кейзо
1 / 4
© Sputnik / Екатерина Кейзо
Керчь қаласындағы политехникалық колледжде болған теракт

Қырымның денсаулық сақтау министрлігі хабарламасына сүйенсек, қазір Қырым ауруханаларында 37 зардап шегуші жатыр. Құрбандар саны 10-нан 19-ға жетті.

338
Кілт сөздер:
колледж, студент, теракт, Владимир Путин, Қырым
Тақырып бойынша
Қырымдағы теракт – оқиға орнында түсірілген видео
Қырымдағы колледжде жарылыс болды, 10 адам қаза тапқан - видео
Шереметьево әуежайы

Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын 21 қыркүйектен бастап қалпына келтіреді  

35
(Жаңартылды 10:07 19.09.2020)
Қазақстанға ұшып келетін жолаушылар дене қызуын өлшетіп, анкета толтырып қана қоймай, ұшып шыққанға дейін бес күннен аз уақыт ішінде алынған COVID-19 індетіне қарсы ПТР тестен өткендігі туралы анықтама беруі керек

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Ресей 21 қыркүйектен бастап Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Беларусьпен әуе қатынасын қалпына келтіреді.

Рейстер екі жақты негізде Нұр-Сұлтанға, Бішкекке және Минскіге аптасына бір рет орындалады. Мұндай шешім жаңа коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабтың отырысында қабылданды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайты.

Рейстер мен билеттерді сату әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады, деп толықтырды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Бас санитар дәрігердің шешіміне сәйкес 16 қыркүйектен бастап Ресейден Қазақстанға келетіндер үшін жаңа ереже күшіне енді.

Қазақстанға ұшып келетін жолаушылар дене қызуын өлшетіп, анкета толтырып қана қоймай, ұшып шыққанға дейін бес күннен аз уақыт ішінде алынған COVID-19 індетіне қарсы ПТР тестен өткендігі туралы анықтама беруі керек.

Мұндай анықтама болмаған жағдайда, ПТР зерттеу жүргізіледі:

  • шетелдік азаматтар үшін – орналасқан жері бойынша;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – тұрғылықты жері бойынша ұшып келген күнінен бастап 48 сағат ішінде.
  • Әйтпесе жолаушылар 14 күндік үй карантиніне жіберіледі.
35
Кілт сөздер:
Қазақстан, Ресей, әуе қатынасы
Тақырып бойынша
Алматы - Қостанай рейсінің жолаушысы ұшақ бортында көз жұмды
Қазақстандықтар 27 тамыздан бастап Түркияға ұша алады
Нұр-Сұлтаннан екі қалаға жолаушылар пойызы қайта жүреді
Шетелден ұшып келетін адамдарға қандай талаптар қойылады – бас санитар дәрігер түсіндірді
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
Архивтегі фото

Ресей шетелдіктердің елге кіру ережесін өзгертті

104
Ресей азаматымен туыс болып келетін шетел азаматтары енді визаны оңайлатылған тәртіпте рәсімдей алады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Ресей үкіметі шетел азаматтарының елге кіру тәртібін жеңілдетті. Бұл туралы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Енді қазақстандықтар Ресеймен шекарада басқа құжат көрсетеді 

Ресей азаматымен жақын туыстығы бар шетелдіктер, премьер-министрдің айтуынша, визаны жеңілдетілген тәртіпте рәсімдей алады.

Ондай туыстарға ата-ана, бала, жұбайлар, аға-іні, әпке-сіңлі, ата, әже, немере жатады.  

"Мұндай туыстар бір жылға дейінгі ұзақ мерзімді жеке визаларды рәсімдей алады және мұны біздің азаматтың жай ғана жазбаша өтініші негізінде жасауға болады", - деп РИА Новости Михаил Мишустиннің сөзінен үзінді келтіреді.

Енді шетелдіктерге виза алу құқығын сақтау үшін әр үш ай сайын Ресейден шығудың қажеті жоқ. Бұл норма Ресей заңнамасынан да алынып тасталды.

104
Кілт сөздер:
ережеп, шетелдіктер
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатыны белгілі болды
Төрт қытай төлқұжатты заңсыз алғаны анықталды
Шетелде емделетіндер шекарада қандай құжат көрсетеді
Қазақстандықтар үшін Қырғызстанмен шекара әлі ашылған жоқ
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жарлыққа толықтыру енгізді

1097
(Жаңартылды 13:50 19.09.2020)
Мемлекет басшысының жарлығы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатуды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тексерулерге мораторий жариялау туралы жарлыққа толықтыру енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына мынадай толықтыру енгізілді:   

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

  • "12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.".

Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, президенттің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатты, оған мыналар қосылмайды:

1) халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін заң бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін, бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша бір жоспардан тыс тексеру жеткіліксіз және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер;

3) өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және  хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

4) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;

5) Қазақстан Республикасы президентінің және Қазақстан Республикасы бас прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері;

6) кедендік тексерулер;

7) қарсы салықтық тексерулер;

8) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

11) жер қойнауын пайдаланушылар.

1097
Кілт сөздер:
жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасы: жаңа министрлікті құру үшін қанша ақша керек
Министр мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты өзгеріс жарияланды
Президент екі жаңа агенттік құру жөніндегі жарлыққа қол қойды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды