Жасөспірім

Керчь атқышының әкесі ұлы туралы бар шындықты айтты

1630
(Жаңартылды 09:04 19.10.2018)
18 жастағы студент колледжге келіп балалар мен оқытушыларды атып тастаған

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Керчь политехникалық колледжіне шабуыл жасаған Владислав Росляковтың әкесі тергеу барысында ұлы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Известия" газеті.

Әкесінің айтуынша, Владиславтың достары жоқ екен. Бала күнгі жолдасымен де қарым-қатынасы үзілген. Ұлымен әңгімелесу қиын көрінеді, оқу жайында да жарытып ештеңе айтпайды екен. Бозбала компьютерлік ойындар мен қару-жараққа әуес болса да, ешқашан зорлық-зомбылыққа бармаған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Владислав барлық процедурадан өтіп, қару ұстауға заң жолымен рұқсат алыпты.

Колледждегі қанды оқиға

Тергеу анықтағандай, 18 жастағы төртінші курс студенті Владислав Росляков үлкен үзіліс кезінде, адамдарға оқ жаудырған. Содан соң асханаға орнатып қойған жарылғыш затты іске қосады. Сол кезде асханада адам көп болған екен.

Росляков тағы бір жарылғыш затты алып келсе де, оны жармастан, өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапты.

Шабуыл салдарынан 15 студент пен 5 колледж қызметкері құрбан болған.

Кей деректерге сүйенсек, Владиславты оқудан шығарып жіберген екен.

Қылмыстық іс "Екі немесе одан да көп тұлғаны өлтіру" бабына өзгертілді.

1630
Кілт сөздер:
тергеу, қылмыскер, қанды оқиға, теракт, Қырым
Тақырып бойынша
Қырымдағы теракт – оқиға орнында түсірілген видео
Колледждегі терактіні студент ұйымдастырған – Қырым басшысы
Загрузка...