Әлем

Қыздың жан дауысы шықты: Циркте болған сұмдықтың видеосы таралып кетті

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуЦирк, архивтегі фото
Цирк, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бет-аузы жырымдалған бала аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Ресейдің Краснодар аймағындағы Успенская ауылында цирк қойылымы кезінде қаншыр (арыстанның қаншығы)  үш жасар қызға шабуыл жасады.

Интернетте жарияланған видеода жыртқыш бірінші қатарда отырған баланың қолын тартып алып, сахнаға сүйреп әкеліп, басынан тістеп алғаны көрінеді.

Шошынған көрермендер айқайлай бастайды, ал үйретуші жануарды ажыратып алуға әрекет жасаған. Осы кезде цирктің басқа қызметкерлері көмекке жүгіріп келеді.

Бет-аузы жырымдалған бала аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Жақын арада оны Краснодарға емдеуге жібермекші. Қазір баланың жағдайы тұрақты. 

Ойын-сауық кезінде қаншырдың қызға шабуылдау фактісі негізінде "Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызметті ұсыну" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазды Sputnik Өзбекстан. 

 

Жаңалықтар
0