Жылу батареясы

Полицей батареяға байлап қойған бұзақы тірідей пісіп қалды

1323
(Жаңартылды 11:22 01.11.2018)
Учаскелік полицей ер адамды түнде байлап кетіп, таңертең өлі күйінде тапқан

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Якутияда ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға Андрюшкино ауылында болыпты. Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, түнде учаскелік полицей бұзақыны жылу радиаторына кісенмен байлап, кетіп қалған. Таңертең ер адам өлі күйінде табылыпты. Бастапқы деректер бойынша, ол қатты күйіп қалып, термикалық шоктан көз жұмған болуы мүмкін.  

Қазір сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ІІМ-нің өңірлік басқармасы хабарлағандай, ұсталған адам слесарь болып істеген екен, кісеннен босап шығу үшін, батареяның вентилін сындырған болса керек.

1323
Кілт сөздер:
полицей, қылмыстық іс, күйіп қалу, бұзақы, Якутия
Тақырып бойынша
Павлодарлық сауда үйінің иесін тірідей өртемек болды
Көршілеріне қоңырау шалған: ШҚО-да әйел үйінде тірідей өртеніп кетті
Тірідей жанып кете жаздаған жеткіншектің анасы көршінің егіз ұлдарын айыптайды
Автокөлік салонында қараусыз қалған бала тірідей өртеніп кетті
Павлодарда моншаға түсіп жатқан әйел балаларымен бірге тірідей жанып кетті
Қостанайда әйел моншада тірідей өртеніп кетті
Загрузка...