Қыз тәжді киіп көріп жатыр, иллюстративті фото

Қазақ қызы Ресейдегі сұлулық байқауында бірінші орынды жеңіп алды

1616
(Жаңартылды 18:19 03.11.2018)
Жанна Есенжолова смс-дауыс беру нәтижесінде "2018 жылдың миссисі" номинациясы бойынша тәж киді

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Қазақ қызы ресейлік Miss Fashion Russia сұлулық байқауында үздікдіктердің бірі болды. Жанна Есенжолова Гран-при иегері атанбағанымен, "2018 жылдың миссисі" номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

 Сұлулық байқауына қатысушылар сахна төріне алдыңғы қатарлы Мәскеу дизайнерлері тіккен бес түрлі киіммен – комбинезон, ішік, коктейль көйлектер киіп шықты.

Қазылар алқасын ресейлік шоу-бизнес жұлдызы Сергей Зверев басқарды. Есенжоловаға тәжді сықақшы, әстрада әртісі Александр Песков кигізді.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге қарағанда Жанна Есенжолова Тверь қаласында туып-өскен, қазіргі уақытта Ресейде тұрады және екі баланы тәрбиелеп отыр. Қыз әлемге жиі саяхаттайды, кейде Алматыдағы туыстарына келеді.

 Бұған дейін "Мәскеу аруы" байқауының финалына шыққан 15 жастағы қазақ қызы Дина Қожасаева жайлы жазған болатын.


1616
Кілт сөздер:
фото, сұлулық байқауы, қазақ қызы, Ресей
Тақырып бойынша
Сұлулық байқауының жеңімпазы сахнада есінен танып құлады
Ұлының өлімінен кейін 60 жастағы әйел сұлулық байқауында жеңіп шықты
15 жастағы қазақ қызы "Мәскеу аруы" байқауының финалисі атанды
"Қазақстан аруы" қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

218
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

218
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан
Шекара, архивтегі сурет

ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

3421
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақстандық өткізу бекетіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Самара облысында Қазақстанмен шекарада шетелдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Шекара карантинге байланысты жабық болатын. 

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде Росгвардия қызметкерлері мен еліне орала алмай жүрген мигранттар арасында жанжал болғанын жазды. 

"Ресей-Қазақстан шекарасында мигранттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс видеосы желіде тарады. Ол Росгвардия қызметкерлерінің көмегінсіз тез арада тоқтатылды", - деп хабарлады "КП-Самара".

Басылым толқу тоқтатылып, палаталық лагерьде тыныштық орнағанын жазған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Біздің өткізу бекеттерімізде жағдай тұрақты", - деді Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз қызметі. 

Орынбор және Самара облыстарында Қазақстан мен Ресей шекарасында 3 мыңға жуық Қырғызстан және 500-ге жуық Өзбекстан азаматы қалып қойған болатын. Олар Қазақстан арқылы еліне жіберіле бастады.

3421
Кілт сөздер:
мигранттар, түсініктеме, ҰҚК, шекара
Тақырып бойынша
ҰҚК шекарада ұсталған адам туралы ақпарат жариялады
Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді – сенат заң қабылдады
Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді
Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды
Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді
Нұр-Сұлтан қаласында Абай бейнеленген мурал

Қазақстанда 10 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 10 тамыз бен 11 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып жарияланды.

15.00 – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Абай академиясы" сериясымен жарық көрген ұлы ақын туралы 12 кітаптың тұсаукесері өтеді.

14.00 – "Пандемия кезіндегі ТМД елдерінің киноиндустриясы" тақырыбында Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Ереван – Кишинев арасында өтетін бейнекөпір. Мәскеуден қатысушылар: Ресейдің халық әртісі, режиссер Владимир Хотиненко; "ВГИК-дебют" продюсерлік орталығының бас директоры, режисер Федор Попов; Ресейдің халық әртісі, С.А.Герасимов атындағы ЖМКИ актерлік шеберхана жетекшісі және оқытушысы Александр Михайлов; режиссер, актер Александр Цой. Шара аясында олар кино саласының өкілдері кездесетін қиындықтар мен ТМД студенттерінің ЖМКИ-ге қабылдау ерекшеліктері туралы айтады. Сондай-ақ, биылғы курсқа шеберлердің қабылдауы қалай өткенін баяндап, басқа сұрақтарға да жауап береді. Брифинг Sputnik Қазақстан сайтында, сондай-ақ агенттіктің Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

19.00 – "Абай" операсы, "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар