Әлем

Тарақанның көзін жоймақ болған ер адам өлім аузынан қалды

© Photo : CC0Оттық
Оттық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер ер адамға тез арада операция жасап, бірнеше күнде емдеп шығарған

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Мәскеуде Ф.И. Иноземцев атындағы аурухананың күйік орталығы мамандары ас үйде оттық және газ баллонның көмегімен тарақанды өртемек болып қатты күйіп қалған ер адамды емдеп жазды, деп хабарлайды РИА Новости қаланың денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шырпы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Інісі өзін өртемек болған ағасын құтқарған: екеуі де өлім аузында жатыр

"Науқастың айтуынша, кешкісін ас үйге кіріп, бұрыштан үлкен сары тарақанды көреді. Ер адам оны кішкентай газ пешке арналған баллонның көмегімен өртемек болыпты. Ол оттықты жағып, газ баллонға жақындата бергенде, от лап ете түсіп, ер адам ауыр күйік алып, жедел жәрдем шақырған", — деп мәлімет берді департамент.

Ф.И. Иноземцев атындағы аурухана хирургтері ер адамның қолының 8%-ы 2-3 дәрежеде күйік алғанын анықтады. "Мамандар тез арада операция жасап, білікті емдеу жүргізген соң, науқастың қолы жазылып, бірнеше күннен соң ауруханадан шықты", — деп атап өтті департамент.

Жаңалықтар
0