Аурухана, архивтегі фото

Дәрігерлер қателесіп сау аяғын кесіп тастаған зейнеткер көз жұмды

1414
(Жаңартылды 20:04 22.11.2018)
Соңғы күндері 89 жастағы Мария Дронованың денсаулығы нашарлап, ішіп-жеуі қиындап кеткен

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Ресейдің Воронеж қаласында дәрігерлер екі аяғын кесіп тастаған 89 жастағы зейнеткер Мария Дронова қайтыс болды. Бұған дейін дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастағанын жазған едік. 

Әйел бүгін № 3 ауруханада қайтыс болды, деп жазды Интерфакс. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі растады.

Дереккөздің айтуынша, соңғы күндері Мария Дронованың жағдайы нашарлап, ішіп-жеуі қиындаған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қарашада Мария Дронованың бір аяғын ампутация жасаған болатын. Операция аяқталғаннан кейін зейнеткердің ұлы анасының сырқат емес, сау аяғын кесіп тастағанын байқап қалған.Үш күннен кейін әйелдің екінші аяғын кесті.

Тергеушілер ұлының арызын тексеріп, қылмыстық іс қозғады.

Ал Воронеж облыстық денсаулық сақтау департаменті дәрігерлер отаға дейін науқастың екі аяғы да зақымданған деген қорытынды шығарғанын мәлімдеді. 

"№3 қалалық аурухананың хирургтері таңдаған емдеу тәсілі қалыптасқан жағдайға сәйкес болды және науқастың өмірін сақтап қалды", — деп хабарлады департамент. 


1414
Кілт сөздер:
ота, дәрігер, аурухана, Ресей
Тақырып бойынша
Дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастады
Астанада дәрігерлер қателесіп әйелдің омырауын кесіп тастаған
Ер адам дәрігерлердің қателігінен 15 жыл ғұмырын жындыханада өткізген
Зертхананың қателігінен бір отбасының ойраны шықты
Загрузка...