Табельдік қару

Тәртіп бұзушыны ұстамақ болған полицей өзін атып алды

407
(Жаңартылды 10:21 03.12.2018)
Полицей тоқтатқан көлікте отырған жолаущшы әйел тәртіп сақшысына тап берген

АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Мәскеу түбінде жол патрульдік қызмет полицейі көлікті тоқтатқанда, іштегі жолаушы әйел тәртіп сақшысына тап беріп, ол табельдік қарудан өз аяғына оқ атып алды, деп хабарлайды РИА Новости.

ІІМ хабарламасына сәйкес, Infiniti көлігінің жүргізушісі көліктен шығып, құжатын көрсетуден бас тартқан, ал жолаушы әйел ашуға булығып, жол полициясы қызметкерлерін балағаттаған. 

"Заңға сәйкес полиция қызметкері табельдік қаруды алып, қолдануға әзір тұрады, сол кезде жолаушы әйел жол полиция қызметі инспекторына тап беріп, полицей байқаусызда өзінің оң жамбасына оқ атып алды", — делінген хабарламада.

Полицейлер тәртіп бұзушыны ұстағаннан кейін көліктің рөлінде құқық қорғау органының қызметкері екені анықталды, ол медициналық сараптамадан өтуден бас тартты.

 

Тексеру жүріп жатыр, ол жұмыстан қуылып, жауапкершілікке тартылады. Басшылары да дисциплиналық жауапқа тартылмақ.

407
Кілт сөздер:
тәртіп бұзушылық, ұстау, полиция, оқ ату, қару, Мәскеу
Тақырып бойынша
Қызылордада полицей қайын әпкесін пышақтап тастады
Әріптестері жабылып зорлаған полицей қыз оқиғаның қалай болғанын айтты
"Қорбаңдап келе жатыр екен". Ақжайықтық полицей бастығын неге өлтіргенін айтты
Үш полицей әріптесін жабылып зорлады
Полицей батареяға байлап қойған бұзақы тірідей пісіп қалды
Батыс Қазақстанда 300-ден астам полицей жұмыссыз қалады
Загрузка...