Әлем

Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өткізді

© Photo : Қазақстанның Ресейдегі елшілігіҚазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғылым және мәдениет өкілдері тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады

МӘСКЕУ, 13-желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Ресейдегі елшілік өткізген салтанатты қабылдауда мәртебелі қонақтар Қазақстанның экономикалық дамуының жоғары қарқыны мен оның әлемдік саясаттағы рөлін жоғары бағалады. 

Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай 12 желтоқсанда өткен кештің қонақтары РФ президенті әкімшілігі, үкіметі және СІМ өкілдері, мемлекеттік дума және федерация кеңесінің депуттары, Мәскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылық құрамы, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері болды.

Өз сөзінде Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қарқынды серпіліс жасағанын атап өтті.

"Бұл жетістіктерге барша қазақстандық халық ұмтылысының, сондай-ақ стратегиялық даналығы әлемдік сахнадағы елдік заманауи келбетін анықтаған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы арқасында қол жеткізілді", – деп ерекше көңіл аударды дипмиссия басшысы. 

© Photo : Қазақстанның Ресейдегі елшілігіҚазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті

Елші Тәуелсіздіктің бірінші күндерінен бастап бүгінгі күнге дейін Ресей Қазақстан үшін ең жақын досы әрі көршісі болғанын және болып қалуда екенін еске салды. Иманғали Тасмағамбетовтің сөзінше, өтіп бара жатқан 2018 жыл екіжақты қарым-қатынастар үшін жемісті болды, барлық мәселелер бойынша өзара әрекеттесудің оң қарқыны байқалады.

Өз кезегінде, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин қысқа мерзімнің ішінде бірегей тәжірибе мен дәстүрлерді ескеретін мемлекетаралық қарым-қатынастардың сапалы жаңа моделі қалыптасқанына назар аударды. Оның сөзінше, қос ел достық көршілестік пен өзара түсіністік дәстүрлерінен айнымастығын көрсетіп жүр.

"Көреген мемлекеттік қайраткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізілген достарымыздың табыстары бізді таң қалдырады. Біз үшін оның Ресеймен жан-жақты әріптестік және еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияға бағыты ерекше бағалы", — деп атап өтті ресейлік дипломат.

© Photo : Қазақстанның Ресейдегі елшілігіҚазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті

Қазақстан мен Ресейдің серіктестік қарым-қатынасын саяси қайраткерлер ғана емес, ресейлік бизнесмендер де жоғары бағалады. 

"Біз Қазақстанда көп жыл жұмыс істейміз және өз үйіміздегідей сезінеміз. Бизнесті жүргізу үшін осынша қолайлы жағдайды әлемнің басқа елінде табу сирек кездеседі. Біз республиканың экономикасы одан әрі белсенді дамып, тұрақты болып қала беретінене сенім білдіреміз", – деді "КамАЗ" ӨАҚ бас директоры Сергей Когогин. 

Ал әлеуметтанушылар ресейліктердің Қазақстан туралы өте жақсы пікірде екенін айтып өтті. 

© Photo : Қазақстанның Ресейдегі елшілігіҚазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті

"РФ тұрғындары көрші мемлекетті нақты интеграцияның еуразиялық векторы және одақтастық міндеттерін орындайтыны үшін бағалайды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы үлкен рөл ойнайды. Ресейде оны таниды, құрметтейді, Ресейдің сенімді досы, әріптесі, одақтасы және еуразиялық интеграцияның идеологы деп санайды", — деді бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының бас директоры Валерий Федоров. 

Ал "Труд" газетасының бас редакоры Валерий Симоновтың пікірінше, КСРО ыдырағаннан кейін бейбіт, тұрақты өмір сүруге болатынын, халықаралық қауымдастық мүшелерімен құрметті болуды, миллиондаған адамның сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болуды дәл Қазақстан көрсетіп жүр. 

"Тарихтағы тұлғаның рөлін ешқашан асырмауды бізге үйрететін. Бірақ, елдің барлық жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан еңбегі", – деді журналист.

© Photo : Қазақстанның Ресейдегі елшілігіҚазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті

Танымал ресейлік актриса Лидия Федосеева-Шукшина қазақстандықтарды мейраммен құттықтады. 

"Мен Қазақстанды өте жақсы көремін, себебі түрлі фестивальдерге көп рет барғанмын. Онда қандай қонақжай, тамаша, сұлу халық тұратынын білемін. Сіздердің елдеріңізде өзімізді әрқашан еркін және жайлы сезінетімбіз", – деді актриса.

© Photo : Қазақстанның Ресейдегі елшілігіҚазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Тәуелсіздік күніне орай қабылдау өтті

Қабылдау барысында қонақтар салтанатты іс-шараға ұлттық ерекшелік берген қазақ фольклорлық ұжымының өнеріне және Нұрлан Смағұловтың жеке коллекциясындағы қазақстандық суретшілердің туындылары қойылған көрмені тамашалай алды.

Жаңалықтар
0