Әлем

Балабақшадағы ертеңгілікте Аяз Ата қайтыс болды

© SputnikАяз Ата
Аяз Ата - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүрегіне күрделі ота жасатқан театр актері сахнада қойылымдарға қатысуын тоқтатпаған

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Ресейдің Кемерово қаласындағы балабақшалардың бірінде ертеңгілік кезінде Аяз Ата болып киінген ер адам қайтыс болды.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Менен бәрі қорқады". Қатты күйіп қалған бала Аяз Атадан жаңа бет-әлпет сұрады

Қарт кісінің жүрек тұсы ауырған. Мекеме қызметкерлері тез арада жедел жәрдем шақырғанымен, әртіс олар келгенше көз жұмды, деп хабарлайды Vse42.ru.

Кейінірек анықталғандай, ер адам қалада танымал театр актері екен. Валерий Титенконың әріптестерінің айтуынша, әртіс жүрегіне күрделі ота жасатса да, спектакльдерге қатысып, өзін аямастан беріліп жұмыс істеп жүрген.

Қараша айының басында Алматыда осы жайтқа ұқсас қайғылы оқиға болды. Хэллоуин кешінде танымал қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин көз жұмған. Ол үш метр биіктікте "арқанға асылып тұрған" мумияның рөлін сомдаған.

Биыл көктемде Флорида штатының Тампа қаласында Cirque du Soleil қойылымы кезінде акробат биіктен құлап, қаза тапты.

Жаңалықтар
0