Әлем

Ресейде қазақстандық қыз қаза тапты: жергілікті халық марқұмның отбасына ақша жинап берді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуӘйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық қыз көлік астына түсіп, оқиға орнында жан тапсырған

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. 11 ақпанда Красноярск қаласында жол апаты болып, салдарынан 23 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты, деп жазады жергілікті ngs24.ru порталы.

Дубай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты

Полиция мәліметіне сүйенсек, оқиға таңертең ерте болған. Бойжеткен бағдаршамсыз жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болғанда, Toyota Wish оған жол бермей, қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кетеді. Қатты қорыққан қыз тротуарға қарай жүгіре жөнелгенде, Toyota көлігінің астына түсті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Апаттан кейін марқұмның туыстары қыздың Қазақстан азаматы екенін мәлімдеген. Красноярск қаласына 23 жастағы бойжеткен бір жыл бұрын келіп, туыстарының үйінде тұрып жатыпты.

Жол апаты болған шағын ауданның тұрғындары, қаза тапқан қазақстандық қыздың мәйітін еліне жеткізуге қаражат жинап берді. Ол үшін 100 мың рубль қажет болыпты.

Жергілікті тұрғындар тәулік ішінде 113 мың рубль жинап беріп, қайғыдан қан жұтып отырған отбасыға қолдау көрсеткен.

Жаңалықтар
0