Әлем

Путин олимпиада чемпионымен күресіп, жарақат алып қалды

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
РФ президенті Владимир Путин Сочиде дзюдошылармен жаттығу жасады

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Сочиде дзюдошылармен жаттығу жасап жүріп, саусағын жарақаттап алды.

Оқиға Ресейдің мемлекеттік басшысы олимпиада чемпионы Беслан Мудрановпен күресіп жатқанда болған, деп жазады РИА Новости.

Жарақатын пластырьмен таңып берген соң, президент жаттығуды жалғастырған. Кейін спортшылармен тілдесіп, суретке түсті.

Путин Назарбаевты құшақтады-Астанада ҰҚШҰ саммиті басталды - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанадағы саммитте Путин Назарбаевты құшақтады

Ресей президенті жылап тұрған қызды жұбатты - видео

Ресей президенті Сириядағы ахуалды реттеу Астаналық процесінің кепіл елдері басшыларының арасындағы үш жақты кездесуден кейін "Юг" спорттық кешеніне барып жаттықан.

Естеріңізге сала кетсек, Сочиде осымен төртінші рет өтіп отырған Ресей, Түркия және Иран басшылары қатысқан саммитте Путин мәлімдегендей, Сириядағы ахуалды реттеуге болады, ол үшін бірауыздан әрекет етіп, мәмілеге келу қажет. Мемлекеттердің басшылары саммит аясында екі жақты кездесулер өткізді.

Владимир Путин қазақстандық әртісті марапаттады

Жаңалықтар
0