Архивтегі фото

Он сегіз жыл іздеуде болған қазақстандық киллер Ресейде ұсталды видео

1720
(Жаңартылды 20:37 11.03.2019)
Ер адам Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлады Ресей Федерациясының ІІМ

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Қазақстанда 2001 жылы іздеу жарияланған киллерді Ресей ІІМ қылмыстық іздеу бас басқармасының қызметкерлері ұстады.

"Ер адам Қазақстан Республикасына экстрадицияланды", -деп хабарлады Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

Ұсталған адам 2000 жылдардың басында қарулы топ құрғаны анықталды. Ол ауыр қылмыстар жасау жоспарын құрған.

"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары оған 2001 жылдың тамызында өзінің бизнес серіктесін өлтірді деген айып таққан. Содан кейін оған Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеу жарияланды ", - деп атап өтті ІІМ ресми өкілі.

Қылмыскер жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті.  

1720
Кілт сөздер:
қылмыскер, Ресей
Тақырып бойынша
320 миллион теңгеден астам қаражат қымқырған қазақстандықтар Ресейде ұсталды
Ресейде кісі өлтірді деген күдікпен екі Теміртау тұрғыны ұсталды
Кісі өлтірген қазақстандық 19 жылдан соң Ресейде ұсталды
Танымал қазақстандық режиссер шетелде ұсталды
Загрузка...