Қыз бала

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушыны жарты жыл бойы спортзалда зорлаған

8418
Тергеу барысында ұстаздың оқушы қызды 15 рет зорлағаны анықталды

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Саха Республикасының Якутск қаласы шетіндегі мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды спортзалда зорлаған. Бұл туралы Саха Республикасы бойынша Тергеу комитеті басқармасының сайтында хабарланды.

Тергеу барысында анықталғандай, 2017 жылдың желтоқсанынан бастап 2018 жылдың мамырына дейін азғын ұстаз 29 рет спортзалда, көлігінде және пәтерінде қылмыс жасаған. Дәлірек айтқанда, жасөспірім қызды 15 рет зорлап, 14 рет сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетіпті.

Оқушының ата-анасы бұл сұмдық жайында қызының телефон арқылы мұғаліммен хат-хабар алмасуынан білген. Педагог бірден ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, мектептегі жұмысынан шығарылды. Оқушы қызға психологиялық жәрдем беріліп, оңалту шаралары тағайындалған.

Әйел 18 жастағы қызын ұзақ уақыт зорлап келген күйеуін өлтіріп тынды

Мұғалім кінәсін мойындамағанымен, тергеушілер тиісті шаралар арқылы оның қылмысқа қатысы барын дәлелдеді. Мектеп басшылығы да дисциплиналық жауапкершілікке тартылды.

Ақтауда жасөспірім қыздарды әкесі досымен бірге зорлаған

8418
Тақырып бойынша
Көлік базарынан айуандықпен өлтіріп кеткен оқушының мәйіті табылды  
Төрт ер адам жабылып зорлаған қызға такси жүргізушісі де қиянат жасады
Алматыда пәтер тонауға келген ұры үйде жүрген келіншекті зорлап кетті
Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау ісі: сот үкімі қайта қаралды
"Аяғын сүйіп, жалындым": зорланған жалғызбасты ана соттың жеңіл үкіміне шағымданды
Загрузка...