Юлия Началова

Танымал ресейлік әнші қайтыс болды

3493
(Жаңартылды 01:01 17.03.2019)
38 жастағы Юлия Началова ауруханада көз жұмды

АСТАНА,17 наурыз - Sputnik. Ресейлік әнші Юлия Началова 16 наурыз, сенбі күні өмірден озды, деп хабарлайды Риа Новости. Әртістің өлімі жайлы ақпаратты оның пиар-директоры растады.

Әншінің қант диабетімен сырқаттанғаны белгілі. Наурыздың 11-і күні қант деңгейі күрт өсіп, аяғы іріңдей бастаған әртіс ауруханаға жеткізілген. 13 наурызда ол жасанды комаға түсті. Сенбі ота жасалған соң, әнші есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Юлия Началова 1981 жылдың 31 қаңтарында Воронежде дүниеге келген. 5 жасынан бастап сахнада өнер көрсеткен әнші 1992 жылы "Утренняя звезда" байқауында жеңіске жетті. 1995 жылы Кристина Агилераны артта қалдырып, Нью-Йорктегі Big Apple-95 фестивалінде бас жүлдені ұтып алды.

"Учитель", "Белая сирень", "Любить тебя", "Я выбираю", "Для тебя", "Герой не моего романа" әндерінің орындаушысы.

Юлия Началова екі рет тұрмысқа шықты. Артында екінші күйеуі футболшы Евгений Алдониннен туған Вера есімді 13 жастағы қызы қалды.

3493
Кілт сөздер:
қайтыс болды, әнші
Тақырып бойынша
"Көбісі қайтыс болды" Назарбаев маңызды мәлімдеме жасады – видео
"Ғалам аруы" 19 жасында қайтыс болды
Қазақстанда белгілі газеттің басшысы қайтыс болды
Ұлы түркітанушы ғалым Әбдуәли Қайдар қайтыс болды
Қазақстанда бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы қайтыс болды
Google байқауының жеңімпазы Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

260
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

260
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан
Шекара, архивтегі сурет

ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

3442
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақстандық өткізу бекетіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Самара облысында Қазақстанмен шекарада шетелдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Шекара карантинге байланысты жабық болатын. 

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде Росгвардия қызметкерлері мен еліне орала алмай жүрген мигранттар арасында жанжал болғанын жазды. 

"Ресей-Қазақстан шекарасында мигранттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс видеосы желіде тарады. Ол Росгвардия қызметкерлерінің көмегінсіз тез арада тоқтатылды", - деп хабарлады "КП-Самара".

Басылым толқу тоқтатылып, палаталық лагерьде тыныштық орнағанын жазған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Біздің өткізу бекеттерімізде жағдай тұрақты", - деді Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз қызметі. 

Орынбор және Самара облыстарында Қазақстан мен Ресей шекарасында 3 мыңға жуық Қырғызстан және 500-ге жуық Өзбекстан азаматы қалып қойған болатын. Олар Қазақстан арқылы еліне жіберіле бастады.

3442
Кілт сөздер:
мигранттар, түсініктеме, ҰҚК, шекара
Тақырып бойынша
ҰҚК шекарада ұсталған адам туралы ақпарат жариялады
Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді – сенат заң қабылдады
Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді
Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды
Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді
Архивтегі фото

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

2
(Жаңартылды 08:52 10.08.2020)
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442 адамға жетті, өткен тәулікте 741 адамның індетке шалдыққаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 741 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 340 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 163 / 56,
  • Алматы қаласы - 132 / 61,
  • Шымкент қаласы - 1 / 1,
  • Ақмола облысы - 42 / 19,
  • Алматы облысы - 18 / 15,
  • Атырау облысы - 30 / 29,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 58 / 20,
  • Жамбыл облысы - 20 / 10,
  • Батыс Қазақстан облысы - 49 / 16,
  • Қарағанды облысы - 87 / 37,
  • Қостанай облысы - 31 / 16,
  • Қызылорда облысы - 5 / 3,
  • Маңғыстау облысы - 28 / 23,
  • Павлодар облысы - 21 / 9,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 38 / 12,
  • Түркістан облысы - 18 / 13.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 99 442.

2
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?
Талдықорғанда 40-қа тарта кәсіпкер билікке талап қойды
Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді
Өткен тәулікте 907 адамнан коронавирус табылды