Әнші Юлия Началова

Ресейлік танымал әншінің неден көз жұмғаны белгілі болды

2463
Әртіс 38 жаста еді, ол ауруханада жасанды комадан есін жимастан қайтыс болды

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Танымал ресейлік әнші Юлия Началованың іріңді ісік салдарынан жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы әншінің әкесі әрі продюсері Виктор Началов мәлімдеді.

"Іріңді ісік, жүрегі тоқтап қалды. Мұның бәрі әлі анықталады, әзірге осы", - деп мәлімет берді ол РИА Новости агенттігіне.

11 наурызда  қант диабетімен ауыратын Юлия Началованың жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің аяғы гангрена бола бастаған.

Науқасты жасанды комаға түсіріп, ота жасады. Сенбі күні 16 наурызда Юлия есін жимастан қайтыс болған.

Юлия Началова туралы не білеміз

Әнші Воронеж қаласында 1981 жылы 31 қаңтарда дүниеге келді. Алғаш рет саханаға бес жасында шыққан,  11 жасында "Утренняя звезда" балалар конкурсында жеңімпаз атанды.

Кейін 14 жастағы "жұлдыз" Нью-Йорктегі Big Apple-95 фестивалінің гран-при иегері болды. Оның басты қарсыласы Кристина Агилера еді. Началова ерекше дауысымен жоғары ноталарды алып, әнді жеріне жеткізіп орындайтын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Юлия Началова (@julianachalova)

Әнші сегіз альбом шығарған. Ең танымал әндері – "Учитель", "Белая сирень", "Любить тебя", "Я выбираю", "Для тебя", "Герой не моего романа".

Сонымен қатар әртіс фильмдерге түсіп, дубляжбен де айналысты.

Өкінішке орай, Юлия Началованың денсаулығы әлсіз еді. Төсіне ота жасатқаннан соң, ағзасы ипланттарды қабылдамай, зарар қанына жайылып кетіп, бүйрек қызметі бұзылған. Сонымен бірге, подагра, қызыл жегі және қант диабетімен ауыратын.

2463
Кілт сөздер:
қаза, әнші, танымал, Ресей
Загрузка...