Тоқаев алғашқы ресми сапармен Мәскеуге барды

228
(Жаңартылды 14:39 03.04.2019)
Қазақстан президентін ұшақтан Ресей СІМ қызметкері Игорь Богдашев пен еліміздің Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алды

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. Қазақстан президентінің ұшағы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-де Мәскеуге қонды.

Қазақстан президентін РФ сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен еліміздің Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды. Қарсы алушылардың арасында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин де болды.

Салтанатты рәсім барысында екі елдің – алдымен Қазақстанның, сосын Ресейдің әнұраны шырқалды.

Президент Тоқаев күтіп алған ресми тұлғалардың қолын қысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде шетелге алғашқы сапарын жасап отыр. Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен ол Мәскеуге барды. Мемлекет басшылары Кремлде кездеседі.

Келіссөздердің басты тақырыбы одақтастықты және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту болады деп болжанып отыр.  

Екі мемлекет басшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінен, сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық тақырыптардан тұрады.

Сапар барысында бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

  

228
Кілт сөздер:
Ресей, Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Назарбаев: Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін
Тоқаев президенттің Байқоңырдағы арнаулы өкілін қызметінен босатты
Тоқаев жасаған ауыс-түйіс нені білдіреді - саясаттанушылардың пікірі
"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты
Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуге шақырды
Медведев Қазақстанның жаңа президентіне жеделхат жолдады
Загрузка...